РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТЕДІ

Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді. «Төртінші тоқсанның басталуына жақсы дайындықпен келу үшін бүгін, яғни, 1 сәуір күні, барлыұ мектептерде сынақ сабақтары өткізілуде. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – жүйенің қалай жұмыс жасайтындығын білу. Сондай-ақ оқушылармен байланыс орнатуға, тестілеуге, қарап шығуға және осы жүйенің жұмысымен танысуға дайындық», – деді Л.Жылқыбаева.
Спикердің айтуынша, ертең, бейсенбі күні, (02.04.2020 ж.) республика бойынша ата-аналар жиналысы өтеді екен.
«Біздің міндетіміз – ата-аналарға қашықтан оқытудың қалай ұйымдастырылатынын, ата-аналардан қандай көмек қажет екенін және жалпы елімізде оқу үдерісінің қалай жүретінін түсіндіру. Ал жұма күні (03.04.2020 ж) елімізде ғаламтор байланысы арқылы басқа жүйелер арқылы сынып сағаттарын өткізу жоспарлануда», – деп жалғастырды сөзін басқарма басшысы.
Сондай-ақ, ол қашықтан оқытуға көшуге байланысты ешбір мектеп мұғалімінің жалақысы қысқармайтынын айтып, яғни, оқу жылының басында тарификациясы қалай бекітілсе сол күйінде өзгеріссіз қалатынын, студенттердің де өз шәкіртақыларын бұрынғысынша ала беретінін айтты.

«Қазіргі уақытта бұл жағдайда ата-аналардың қатысуы өте маңызды рөл атқаратынын айтқым келеді. Сондықтан мен барлық ата-аналардың шыдамдылық танытып, оқу үрдісінің осылайша ұйымдастырылуына түсіністікпен қарауын сұраймын», – деп қорытындылады сөзін басқарма басшысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *