Ресейліктердің 60 пайызы бастықтардың сөзіне сенбейді

 

15 мамырдан Алматыда балабақшаға қойылатын электронды кезек жұмысын бастайды.

500-ден астам қазақстандық және халықаралық компаниялар вакансиялар жәрмеңкесінде алматылық түлектерге жұмыс орындарын ұсынды.

Соңғы жылдары Алматыда 180 шақырым жол салынып, жөндеуден өтті.

Өткен жылы Алматыда 800 шақырымға жуық инженерлік жүйе салынып, қайта қалпына келтірілді.

Наурызбай ауданында түлектер аллеясы салынды.

Димаш Құдайберген Канн фестиваліне қатысу­шыларды да таңқалдырды.

Малайзияда өткен парламент сайлауында тұңғыш рет 60 жыл ішінде оппозиция жеңіске жетті. 92 жастағы Махаткир Мохамад премьер-министр болып сайланды. Әлемдегі ең қарт саяси көшбасшы бұдан 22 жыл бұрын осы елдің үкіметін басқарып, Малайзияны айрықша биікке көтергенін әлем білсе керек.

Ұлы Отан соғысының ар­дагерлері 1 ма­мырдан бастап 31 жел­тоқсанға дейін ТМД елдеріне тегін саяхаттай алады.

Қырғызстанда 27 жылда 30 премьер-министр ауы­сыпты. Тіпті, оның ішінде үкіметті бір күн, екі күн, үш күн басқарғандар да бар. Ал 1,6 ай аралығында басқар­ғандар тіпті көп.

ЭКСПО қалашығындағы пәтерлер маусымнан бастап сатылымға қойылады.

Бүгінде Ресейде 2 млн. жас адамдар не жұмыста, не оқуда жоқ көрінеді.

Ресей колониясынан өмірлік жазаға кесілген 5 адам босап шықты.

Ресейде адамдардың 60 пайызы бастықтардың сөзіне сенбейтін көрінеді.

Өзбекстан президентінің пәрменімен Сабыр Рахимовтың ескерткіші Ташкенттегі бұрынғы орнына қойылатын болды.

15 мамырда еліміз бойынша жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді. Білім, ғылым министрі жұмыс берушілерден ата-аналарды осы күні ертерек босатуды сұрады.

Биыл 250-ге жуық бала ҰБТ-ны ағылшын тілінде алғаш тапсырады.

Австриялылық зейнеткер 60 жыл бойы қан тапсырып, 2,4 млн. нәрестенің өмірін құтқарған.

АҚШ ғарыш агенттігі NASA 2020 жылға қарай Марсқа тікұшақ ұшырады.

Күйзеліске қарсы азық – сүт, ол жүйкені тыныштандырады.

Арменияда жаңа үкімет жасақталды.

Сүт депрессия қасіретін екі есе азайтады.

Ташкентте М.Жұмабаевтың өзбек тіліндегі кітабы таныстырылды.

Биылғы қаңтар, сәуірдегі салықтың ең көп бөлігі Алматы қаласында тіркелді. 622,2 млрд. теңге, бұдан кейін Атырау, Астана тұр.

Теңіз мұнай кенішінде бірінші тоқсанда 7,4 млн. тонна мұнай өндірілді.

Астанада Кекілбаев аллеясы ашылады.

Астанада «Қазақ елі» монументі қайта жөндеуден өтіп жатыр.

Маңғыстауда күн электр стансасы іске қосылады.

М.Ғабдуллиннің 11 томдығы жарық көреді.

Ғылымға бейімдеуді мектептен бастау қажет, – дейді ғалымдар.

Парижде шабуыл жасаған жігіт шешенстандық болып шықты.

Мемлекеттік Думаның депутаты В.Милонов Пул­ковадағы халықаралық әуежайға Александр ІІІ-нің есімін беруді ұсынды. Ол сонымен қатар, Римде халықаралық әуежай Леонардо да Винчидің, Белградта өнертапқыш Н.Теслдің атына берілгенін мысалға алды.

Арменияның экс-президенті С.Саргсянға бір ай ішінде мемлекеттік тұрғын үй бөлінетін болды. Бұл жөнінде су жаңа премьер-министр Н.Пашинян мәлімдеді. Бұл әлеуметтік кепілдікті пайдаланып отырған соңғы президент көрінеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *