«ӘРЕКЕТ» ЕТІП, 3 МИЛЛИОН ҰТЫП АЛЫҢЫЗ

Өткен жұма күні «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша облыстың коммерциялық емес ұйымдарына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі болып өтті.

Әсел ДАҒЖАН

Елуге жуық әр түрлі бағыттағы коммер­циялық емес ұйым өкілдері жиналған кезде­суде азаматтық секторды негізінен әлеуметтік кәсіпкерліктің кәдімгі бизнестен айырма­шылығы неде, жоба сметасын қалыптастыру қалай болады, ЖК және ЖШС және т.б. сияқты ұйымдар қатыса ала ма деген сынды сұрақтар мазалайтыны белгілі болды.

Ал өз кезегінде «Samruk-Kazyna Trust» Әлеу­меттік жобаларды дамыту қорының өкілдері бар­лық сұрақтарға жауап бере отырып, жобаға қаты­судың жалпы ережелері мен талаптары және өткен жылдың тәжірибесі жайлы  ақпаратпен бөлісті.

–       «ӘREKET» гранттар байқауы – әлеу­меттік мәселелерді шешуге ықпал ететін үздік бизнес-жоба­ларды анықтауға арналған жоба­ларды біріктіреді. Біздің Қор тек гранттар бөліп қана қоймай, бірінші кезекте коммерциялық емес ұйым­дарды бизнес пен маркетингтің қазіргі заманғы құралдарын қолдана отырып, өз бетінше қаржы табуға үйрету. Кездесу барысында біз байқаудың қалай жұмыс істейтінін, ол үшін не қажет екенін және қандай қателіктерден аулақ болу керектігін толық түсіндірдік, – деді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілі Ирина Дүйсенеева.

Бұған дейін хабарланғандай, гранттар бай­қауының бірінші кезеңі 3 маусымда баста­лып, 30 маусымға дейін жалғасады. Осы кезеңде қатысуға мүдделі барлық коммерциялық емес ұйымдар байқау туралы ережеге сәйкес өтініш беруге тиіс.

–       Мен бүгін әлеуметтік кәсіпкерлікті ашу және дамыту жөнінде пайдалы ақпарат алдым. Біздің ұйым осы гранттар байқауына қатысамыз деп отырмыз, – деді кездесуге қатысушы «Шара­пат» мүгедек Жастар ұйымы» ҚБ төрағасы Раушан Мананбаева.

Айта кетейік, бірінші кезеңнен екінші кезеңге өткен коммерциялық емес ұйымдар өтінішті толық нұсқада беру керек. Ал үміткерлерді арнайы комиссия іріктейді. Оған мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес және әлеуметтік сала өкілдері кіргі­зілген. Ең соңғы үшінші кезең­нен іріктеуден өткен Коммерциялық емес ұйым­дарға арналған үш күндік білім беру бағдарламасы бар. Оқу соңында Коммерциялық емес ұйым өкілдері әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша өз жобаларын қорғайды. Олардың ішіндегі ең үздігіне 3 млн. теңге беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Samruk-Kazyna Trust» қоры «ӘREKET» жобасына 150 млн. теңге бөлді. Байқау аясында әр мүдделі коммерциялық емес ұйым 3 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде грантқа үміткер бола алады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *