Рейтингтегі көрсеткіш жоғарылады

Шағын және орта бизнесті дамытпаған мемлекеттің алға жылжуы, өркениетті елдер қатарына қосылуы мүмкін емес. Әр ел алдымен өз кәсіпкерлерінің идеясын өміршең етуге, халыққа қызмет жасауына жағдай жасауы керек. Ал қолдауды сезінген кәсіпкерлердің ел болашағына аянбай қызмет етері күмәнсіз. Бұл барлық дамыған елдердің негізгі ұстанымы. Сонымен бірге, бизнес жүргізуде мемлекет арасында байланыс орнату, тәжірибемен бөлісу жаһандық дамуға ықпалын тигізбей қоймайды. Осыны ескере отырып Doing Business бойынша әлем елдерінің бизнес жүргізудегі қадамдарының сарапқа салынып келе жатқанына біраз жыл болды. Бұл рейтингте қазіргі кезде әлемнің 190 елінің көрсеткіштері сарапқа салынады.
Сараптама кәсіпкерлердің сауалнамаға берген жауаптары мен мемлекетте жүргізілген реформалар қорытындысына орайластырылып шығарылатындықтан, елдің бәсекеге қаншалықты қабілетті екенін дәл болжау көп қиындық тудырмайды. Сонымен қатар, бұл деректер мемлекеттің экономикалық жағдайынан хабар береді, инвестиция тартуға қолайлылығын айғақтайды. Сараптамадан бөлек, есеп қорытындысында кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін тетіктердің көрсетілуі, оларды болдырмаудың жолының іздестірілуі, дамуға көмектесетін мүмкіндіктердің қарастырылуы мемлекеттің ілгерілеуіне, инвесторлардың сенімді серіктес табуына үлкен көмек.
Былтырғы жылы 36 орыннан табылған Қазақстан биылғы рейтингте бұрынғы кеңестер еліндегі әріптес мемлекеттерді былай қойғанда, Испания (30 орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) елдерін артта қалдырып, 28-ші орынға табан тіреп отыр. Алдағы уақытта бұдан да жоғары көрсеткіштерге жету баршамызға міндет.

Аймекен Тілеубергенова, Алматы қаласы Әділет департаменті Түрксіб ауданының аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің сот орындаушысы

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *