Әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл бар

Әкімнің тапсырмасы орындалып жатыр

Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында қала тұрғындарының сумен қамтамасыз ету қызметіне берешегі 190 млн. теңгеден асты. Ал «Алматы Су» мекемесінің өкілдері қарыздарын қайтарып алу үшін барлық заңды әдістерді жүзеге асырып жүр. Оның ішінде борышкерге хат жіберу, телефон арқылы хабарлама жасау, тіпті, сот арқылы да талап етілетін жағдайлар аз кездеспейді. Ал төлем жүргізбегендер қызметтен ажыратылады.

Өткен кезеңде дебиторлық берешекті өндіріп алу бойын­ша 1,6 мыңнан астам тұтынушыға қатысты сот актілері шыға­рылды. Осылайша 1,8 мыңнан астам жеке­меншік үйлер мен заңды тұлғаларға тиесілі 1,2 мың нысан қарыз­дары үшін сумен жабдықтау жүйелерінен ажыратылды.

Бұдан өзге, «Алматы Су» мекемесі суға заңсыз қосыл­ған тұрғындарды анықтау жұмысын да жүр­гізуде. 2019 жылы қалалық сумен жабдықтау қыз­метіне заңсыз қосы­лып, төлем жасамай, суды пайда­ланған 1,8 мыңнан астам тұтынушы анықталды.

Тұтынушы шартқа сәйкес әр айдың 25-інен кешіктір­мей ұсынылған қызмет үшін ақы төлеуге міндетті.  Осыған байланысты 2019 жылдың 1 тамы­зынан бастап мекеме тұтынылатын қызметтерді уақытылы төлемегені үшін әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеуді жүргізетін болады. Бұл шара тұтынушыны сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне уақытылы төлем жасауға ынталандыру және дебиторлық берешектің өсуіне жол бермеу мақсатында қолданылмақ.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері есепке алу құрал­да­рының көрсеткіштерін қабылдау WhatsUp мессенджері арқылы жүзеге асырылуда.  Бұрынғы­дай көрсеткіш жайында қоңырау шалып және бақы­лау­шының келуін күту қажет емес. Бар болғаны есепке алу құралының  бет жағын суретке түсіріп, фотосуретті +77473777444 нөміріне жібер­сеңіз жеткілікті. Келіп түскен суреттер автоматты түрде анықталып, есептеу құралдарының  көрсет­кіштері белгілі бір дербес шотқа таратылады.

Бұдан өзге, суық су мен кәріз мәселелері бойынша тұтыну­шыларға қашықтықтан қызмет көрсету үшін 3-777-444 көп арналы нөмірі бар Сall-орталық жұмыс істейді. Бұл сервисті бір жыл ішінде 200 мыңнан астам адам пайда­ланды.

Кәсіпорынның ресми сайтының қызмет көрсету аясы жаңартылып,  http://almatysu.kz/, мобильді нұсқасы  әзірленді.

Су құбырындағы апатты жағдайлар, ашық құдықтар анықталған кезде өтінімдер тәулік бойы 274-66-66 телефон нөмірі бойынша қабылданады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *