ӘРБІР АУЛАҒА ЖАРЫҚ БЕРІЛУІ ТИІС

Шаһар басшысы Жетісу ауданында жұмыс сапарымен болды

Қала әкімі Жетісу ауданын аралаған кезде көлік инфрақұрылымының объектілеріне ерекше назар аударды. «Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысын тексердім. Жолдың тығыздығы — алматылықтар үшін өткір мәселе. Жол желісін кеңейту және көлік өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу қажет», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала басшысы аудан тұрғындары­ның өтініші бойынша аудан әкіміне аумақты абаттандыру мәселесін шешу­ді, балалар алаңдарын салу мен скверлерді бөлуді тапсырды.

«Алматы қала жарық» коммуналды кәсіпорнында болдым, қала көшелерін жарықтандыру және оны болашақта дамыту шараларымен таныстым. Мұнда энергия жинақтаушы технологияны кеңінен қолданған маңызды. Орталық­тан бастап мөлтек аудандарға дейін әрбір тротуарға, әрбір аулаға жарық берілуі тиіс. Жергілікті өндірушілердің «ақылды» жарық көздерін игеретін уақыт­тары жетті. Ұтымды шаралар қаржыны тиімді жұмсауға мүмкіндік береді әрі қаланың әр бұрышын толық жарықтандыруды қамтамасыз етеді», — деді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, қала әкімі жер мәселесінде қитұрқы әрекетке барған алаяқтарды заң бойынша жауапқа тартуға уәде берді

«Айнабұлақ-2», №85 және 85А үйі­нің тұрғындары менен көмек сұрады. Шешім бар. Біріншіден, міндеттерін адал атқарған құрылыс салушы мен тұр­ғындарға ешбір артық сұрақ болмайды. Екіншіден, жермен қитұрқы әрекетке барған алаяқтарды заң бойынша жауапқа тартамыз. Үшіншіден, қалалық КҚК-на тапсырма бердім», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *