Әрбір «100 жаңа есім» оқиғасы Қазақстанда өткендігімен құнды    

 

«100 жаңа есім» жобасының бірнеше жеңімпазы Бостандық Ауданындағы Мега кешенінің алаңында, ашық аспан астында алматылықтармен жүз­десіп, өздері­нің өмірлік тәжіри­белерімен бөлісіп, түрлі проблема­дан шығу­дың жолдарын айтты. Әрі кез- келген салада жетістікке жетудің сырларымен бөлісті.

Бейбіт күннің батырлары қала тұрғындарымен Меdіatalks жоба­сының аясында еркін тақырыпта пікір алмасып, өмірдің әр кезе­ңінде адам басынан өтетін түрлі қиындықтарға қалай қарсы тұрып, қалай оны жеңіп шығуға болатынын сөз етті. Мысалы, параолимпиадашы Серік Есматов өз тәжірибесімен бөлісіп, шектеулі мүмкіндігіне қарамай қалай жеңімпаз болуға болатынын дәлелдеді. Әке-шешесінен жастай айырылып, жетімдер үйіне түскен Әзиз Зайыров жаман аурумен күресіп, ішкілікке салынып кетіп, үйсіз-күйсіз далада қалып, уақыт өте қалай есін жиып, бүкіл өмірін қолға алғандығын айтып, жинал­ғандардың ыстық ықыласына ие болды.

–       Тыңдармандарға қалай жарақат алып, қандай қиындық­тармен күресіп, бүгінгі адам қал­пыма келу үшін қандай жолдар­дан өткенімді айттым. Менің тағдырым олардың өз өміріне жаңа көзбен қарауға, өмірде «мүмкін емес» деген нәрсенің жоқ екеніне сендіріп, жаңа шабыт сыйлаған сияқты. Осындай кезде­сулердің жиі өтіп тұрғанын қалаймын, адамдармен көзбе-көз тілдесудің баға жетпес құдіреті бар. Бүгінгі кездесу өзімнің де көңілімнен шықты, – деді Серік Есматов.

Medіatalks осы жолы Алма­тыда бірінші рет ұйымастырылды. Ал еліміз бойынша төртінші рет өткізілуі. Бұл жоба – «Қазақ­станның 100 жаңа есімі» жоба­сының жеңімпаздарының өмір тарихын, қиындықтармен күресіп, қалай жеңіп шық­қандығын өз аузымен айтатын еркін пікір алаңы.

Шынайы оқиғаларды кейіп­кердің өз аузынан естіген алма­тылықтар бұл жеңімпаздардың өз араларында жүрген қарапайым қазақтың баласы, осы елдің азаматтары мен осы қаланың тұрғындары екендіктеріне көз жеткізіп қайтқандай болды.

Бейбіт күннің батырлары кез- келген салада өзінің жұлдызын жарқырата алудың нағыз қара­пайым мысалдары, сондай қара­пайым мысалдардың қарапайым өкілдері. Олардың бәрі сіз бен біздің ортамызда жүр. Әркім өз жұлдызын жарқыратуға, әркім мынау кірпіш дүниеден өз кетігін тауып, ойып тұрып өз орнын алуға қабілетті.

«100 жаңа есімнің» әрбір кейіпкерінің басынан өткен оқиға Қазақстанда, сіз бен біздің орта­мызда жүрген әрбір қазақтың басынан өткендігімен құнды.

Оның үстіне бұл форум барын­­ша ашық, көпшілікке қол­жетімді форматта ұйымдас­тырылды. Әрі интернет арқылы тікелей желімен тамашалағандар да болды.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *