Құранды жатқа оқудан республикалық бәйге өтеді

Қарилардың Құран Кәрімді оқу және жаттау деңгейін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, мұсылман жамағатының құрани сауа­тын жетілдіру арқылы қоғамның руханиятын көтеру үшін 25-26 сәуір күні Алматыда VІІ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан бәйге ұйымдастырылады.

Алла елшісі Мұхаммед (с.а.с.) үмметіне «Сендердің ең қайырлыларың Құранды үйреніп, үйреткендерің» деп өсиет еткен. Өйткені, мұсылман адам үнемі Құран оқыса, оның дүние тіршілігіне пайдасын тигізеді. Әрі оқыған Құраны о дүниеде өзіне шапағатшы болады. Құран көп оқылған елге Алланың мейірімі мен берекесі түседі.

Екі күнге жоспарланған бәйгеге еліміз­дің әрбір өңірлерінен 4 үміткер қаридан қатыстырылмақшы. Бәйге 25 сәуір күні сағат 10.00-19.00-ге дейінгі аралықта қаладағы Орталық мешітте өтеді.

Құран Кәрімді толық жатқа оқу номи­нациясы бойынша бірінші орын жеңім­пазына автокөлік тігілсе, өзге жеңімпаздарға қаржылай сыйақылар тағайындалған.

Айта кетейік, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қарилар дайындай­тын орталықтар бар. Сондай-ақ, мешіттердің жанындағы сауат ашу курстарынан Құранды толық жаттаған қарилар шығуда.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *