ҚҰРАН КІТАБЫН ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРДЫ

Алматыда Құранның орыс тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері болып өтті. 

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

Аударма авторы Серік Рысжанов Ислам дінін 1998 жылдан бері зерттеп келетіндігін және Құранның бұған дейін орыс тіліне аударылған барлық нұсқаларымен танысқандығын әңгі­ме­леді.

– Құранның бұған дейінгі орыс тіліндегі аудармалары менің көңілім­нен шықпады әрі олар әр кезеңде, өзге ортада аударылған. 2008 жылы газетте жұмыс істеп жүргенде Құранды аудару­ды қолға алып, осы тақырыпта бірнеше мақала жаздым. Бізге Құран­ның аудармалары өзге елдерден келеді, тіптен, Ресейден келгеннің өзінде ондағы орта бізден алшақ. Ал біздің елде мұнымен ешкім айналыс­қан жоқ, сондықтан мен оны біздің халыққа түсінікті етіп аударуға тырыс­тым. Егер оны тек арабша оқу керек деп қарайтын болсақ, Құран тек арабтарға немесе оның мазмұнын түсіндіретін ғұламаларға қажетті жабық кітап сияқты болып қалады. Мен қарапайым халықтың ешкімнің түсіндіруінсіз оқып, танитындай етіп жасауға тырыстым, – дейді Серік Рысжанов.

Аударманың авторы Құранды халық арасында тек араб тілінде оқу керек немесе діни ілімі бар ғұлама­лардың түсіндіруімен меңгеру керек деген түсініктің бұлтын сейілту керек деген пікірде. Өйткені, ол кез-келген қарапайым адамның оқып-түсінуіне жеңіл болу керек деген көзқараста.

–       Автор бұл аударманы жасаған кезде Құранның түпнұсқа мәтініне сүйенген. Құранды оқу арқылы көп нәрсеге басқаша көзқараспен қарай бастадым. Мұның себебі – аудару тәсілінде деп ойлаймын. Автор Құран­дағы мәтіндерді аударғанда басқаша түсінуге жол бермеген. Яғни экстремистік, радикалдық, кемсітуші­лік мәселесінде өте мұқият болған, – деді «NAROK» қорының мүшесі Әл-Фараби Болатжан.

 

«Ислам мәдени мұралары жылы» болып жарияланды

Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО) 2019 жылды «Ислам мәдени мұралары жылы» деп жариялады. Бұл туралы Мәдениет министрлерінің ислам конференциясында шешім қабылданған, – деп хабарлайды Іslamіc Republіc News Agency.

ИСЕСКО мәлімдемесінде осы маңызды оқиғаны жоспарлы түрде өткізу үшін мүше-мемлекеттерді барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Осы жылдың аясында ислам әлемінің тарихи және археологиялық ескерткіш­терін, архитектуралық құрылымдар, көркем-сурет туындыларын, қолжазба­ларды және тағы да басқа ислам мәдени мұра­ларын танытуға ерекше назар ауда­рылады. Сонымен қатар, ИСЕСКО үлкен көлемдегі материалдық және материалдық емес мұраларды Әлемдік мұралардың ислам әлемінің мәдени мұралары тізіміне енгізуді ұсынады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *