Рамазанды қалай пайдалы өткізуге болады?

 

Ораза – тамақ пен сусыннан тыйылу айы ғана емес. Алла Тағала бұл айды мұсыл­манның күнәлары мен біліп-білмей істеген қателіктеріне кешірім жасауына басшылық етті. Ендеше, әр мұсылман адам бұл айды ең кемел түрде қарсы алып, кемел түрде өткізуге ниет етуі керек.

– Шынайы тәубе. Оразаның негізгі мақсаты – шынайы тәубе жасау. Тәубе – Аллаға жақындататын алғашқы қадам. Тәубенің шарттары: күнәлардан алыс болу; жасаған күнәлары үшін кешірім тілеп, жасағаны үшін өкініш таныту; ол іске қайта оралмау; шынайы иманмен салиқалы іс жасауға бел буу; жасаған күнәсі себепті әлдекімге зиян келтірген болса, ақысын қайтару.

– Парыз амалдарды орындау: бес уақыт намазды толық оқу; қазаларын толықтыру; зекеттің уақыты келсе өтеу.

– Бекітілген сүннеттерді толық оқу;

– Бекітілмеген сүннеттерді оқу: тәһажжуд, дұха, асыр мен құптан нама­зы­ның алдындағы төрт рәкағат сүннет­тер, т.б.

– Тарауих намазын оқу, мүмкін болса жамағатпен, мүмкін болса мешітте имаммен оқу;

– Тілді жаман сөздерден сақтау: ғайбат, өсек-өтірік, сөгіс айтпау, жаман­­дамау;

– Құлақты харамнан тыю: өсек айтылатын орындардан алыс болу, жаман сөзді адаммен бірге отырмау, мән-мағынасыз өлең тыңдамау, қасы­ңызда біреу жаман айтып бастаса, оған «тоқтат, доғар» деп оразаның ізетін көрсету;

– Көзді тыю: жаман нәрсеге қарамау, тәбет шақыратын тағамдарға қарамау, ашық-жалаңаш киінген адам­дардан көзді тыю, мән-мағынасыз бағ­дарламалар мен жөн-жосықсыз сериал­дар көрмеу;

– Бес уақыт намазды мешітте, жамағатпен оқуға тырысу;

– Рамазан бойы күнделікті Құран оқу: шамасы келсе күніне бір парадан, шамасы келмесе оқи алғанынша, бірақ тұрақты түрде оқып тұру;

– Күніне бір немесе бірнеше хадис оқып, жаттап тұруы;

– Рамазан Құран айы екенін ескеріп, күніне бірер аяттардан жаттап тұру;

– Туысқандармен қарым-қатынас жасау, қонаққа шақыру, қонаққа бару, сыйлық сыйлау;

– Көршілер мен аралас-құралас тұратын жолдастармен қарым-қатынас жасау. Рамазан шаттығымен бөлісу;

– Барынша көп зікір жасау: жүргенде, отырғанда «Субханаллаһ, Алхамду лилләһ, Аллаһу Акбар, Лә иләһә иллаллаһ» деп жүру;

– Мешіттерде болып жатқан сабақтарға қатысу; фиқһ, хадис, тәпсір, т.б.

– Барынша дәретпен жүруге ты­рысу;

– Отыз күн бойы аздап болса да күнделікті мұқтаж жандарға садақа беру, мысалға, бір адам оразада 3000 теңге садақа бергісі келсе, оны отызға бөліп күнделікті 100 теңгеден беру.

– Араздасып қалған адамдардың араларын түзеуге тырысу;

– Өзгелерге көмектесу әрі жомарттықты қалыптастыру.

– Ауызашар жасау және ауызашар дастархандарына қатысу;

– Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірімен танысу, Сира кітап оқу;

– Сәресі мен ауызашар уақытында Пайғамбар (с.а.с) дұғалары мен көркем дұғаларды оқу, алайда ұзақ созып жібермеу.

– Рамазанның көркемдігін өзге­лерге жеткізуге тырысу, ораза ұстама­ған­дарға насихат жасау;

– Ауыз ашуға асығу, ауыз бекі­терде бірнәрсе жеу, себебі онда береке бар;

– Рамазанның соңғы күндерінде мешітте иғтикаф жасау;

– Шамасы келсе кіші қажылыққа бару;

– Әке-шеше мен жақын туыс­қандарға жақсылық жасауды ұмытпау;

– Қиындық шегіп жатқан мұсыл­мандарға дұға жасау;

Міне, бұл айтылғандар – Рамазан айында жасалуы мүмкін қайырлы да салиқалы істер. Бәлкім, кей адамдар бұларды жайшылық уақытта да жасап  жүрген болар, дегенмен осы берекелі айдың құрметіне, Аллаға тағы бірта­бан жақындау мақсатында осы амал­дарды іске асырсақ, өзіміз үшін де, діні­міз үшін де көп нәрсе істеген боламыз.

Рамазан айы баршаңызға берекелі болсын!

www.muslіm.kz.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *