Рамазан бойы автобустар түнгі он екіге дейін жүреді

 

Рамазан айында шаһардағы 8 ауданның барлық мешіттерінде ауызашар дастар­хандары жайылып, ифтар таратылады. Ал қаланың Орталық мешітінде күнделікті 500 адамға дейін ауызашар дастарханы ұйымдастырылмақшы. 

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуника­циялар қызметінде ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Шоқаевтың қатыс­уымен өткен брифингте белгілі болды.

Айта кетейік, 17 мамырдан басталған ораза биыл 29 күнге созылады. Маусым айының 11-нен 12-не қараған түн – Қадір түні. Айт мерекесі болжам бойынша 15 маусымға сәйкес келіп отыр.

– Бүгінгі күнге дейін әрбір мешіттерде діни сауаттарын көтерген жамағатқа арналған «Раббым! Білімімді арттыр!» интеллектуалдық сайысы және «Умра кімге бұйырады?» сайыстары Орталық мешітте күнделікті (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері) аср намазы мен ақшам намаздарының ортасында өткізіліп отыра­тын болады, – деді өкіл имам Е.Шоқаев.

Рамазан айында Алматы қаласындағы 49 мешітте тарауық намаздары өткізілсе, оның 45-інде тарауық намаздарында Құран Кәрім толықтай хатым етілмекші.

Мешіттердегі тарауық намаздарының түнгі сағат 24.00-ге дейін жалғасып, кеш аяқталатын болғандықтан келуші жама­ғаттың үйлеріне қайту мәселесі ескеріліп, Алматы қаласы әкімінің қолдауымен қала бойынша 4 бағытқа (Саин көшесі, Алматы-1 теміржол бекеті, Талғар трассасы және Достық даңғылы бағыттарында) жүретін автобустар белгіленді. Олардың жұмыс кестесі ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 14 маусым аралығында әр кеште сағат 24.00-ге дейін созылады.

Рамазан бойы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен әрбір мешіттер мен жамағаттың қауіпсіздіктері үшін Ішкі істер органы қызметкерлерінің бақылауы күшейтіледі.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *