РАХМЕТ САҒАН, ДОНОР!

Мына өмірде неше түрлі жағдайлар орын алып жататыны белгілі. Біреу ауыр науқасқа шалдықса, енді бірі аяқасты жазымға, болмаса жол апатына түсіп, ауыр жарақат алып, өмір мен өлім арасында жатуы мүмкін. Ал енді перзентханаларда босану кезінде көп қан жоғалтқан анаға қан құю қажет болып қалады. Сондайкезде біз дәрігерлер берген жолдаманы тілімізбен тістеп, Алматы қаласындағы Қан орталығының босағасына бас тірейміз.

Туысымызға берген қанымыз жарамды болса қанеки, ал кейде бірге туған болса­ңыз да қан тобыңыз сәйкес келмей жататы­ны, тобы сәйкес келгенмен, оң-теріс­факторлары тура келмеуі әбден мүмкін. Ондай кезде донор қанына жүгінуге тура келеді. Қиналып тұрсақ та тегін қан беретін адамның барына сенбей, мына заманда біреу үшін біреу қан бере қойсын ба деп, үмітсіздікке салынатынымыз да бар. Бірақ жанымызда қайырымды, мейірімді жандар бар. Олар қашанда қиналғандар­дың қасынан табылып, қасық қанын адам өмірін аман сақтап қалуға қиюға әзір тұратын ерікті донорлар дер едік.

Алматы қалалық Қан орталығының директоры кейінгі жылдары донорлар қатарының артып келе жатқандығын қуана жеткізген болатын. Жылына қаламыздағы емдеу мекемелері үшін он тоннаға дейінгі мөлшерде қан және оның өнімдерін дайын­дай­тын Орталықта донор жинақтау жұмы­сы жақсы жолға қойылған. Ж.Нәдіров ерікті донорлардың, олардың ішінде жас донор­лардың қатары артып келе жатқа­нына қуанады. Донорлықты насихаттаумен қатар, ерікті донорларды жұртшылыққа үлгі ету мақсатында Орталық қызметкер­лері жыл сайын аталып өтілетін Дүние­жүзілік донорлар күні қарсаңында қан тап­шылығына тап болған адамдарға қан беріп, өмір сыйлап жүрген донорларды құрметтеп, оларды жұртшылықпен таныс­тырып қоюды жөн көреді.

Орталықтың «Құрметті донор» тақ­тасында есімдері жазулы тұрған донорлар­мен біз де оқырмандарымызды таныстырып қоюды жөн көрдік.

Олар:В.Кондратенко, В.Сенченко, Х.Сүйінова, Е.Мусин, М.Чупин, Р.Новиц­кий, А.Бюриков. Олардың алды елу, отыз реттен қан тапсырыпты. Мұны Орталық қызметкерлері бейбіт күндегі ерлік іске балайды. Өйткені, кез-келген адамның қан тапсыруға батылы бара бермейді дейді қан қызметінің мамандары. Арамызда жүрген бейбіт күннің батырлары көп болғай…

 

Абзал ИМАНӘЛІ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *