ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)

2018 жылдың 27 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында биыл алғаш рет Ашық есік күні өтеді

Аталмыш шара әдеттегідей барша салымшы­лар мен алушылар үшін өте өзекті  тақырып – зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс­терге арналмақ. Бірыңғай жинақ­таушы зейнет­ақы қоры тұрғын­дардың арасында түсіндірмелік жұмыстарды белсенді жүргізіп, салымшыларға зейнетақы жүйесіне қатысты кешенді сауалдар бойынша жан-жақты мәлімет беруде.  

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – зейнетақы жинақтарының тиімділігін арттыру.  Қазақстан Республикасының зейнет­ақы жүйесі зейнетақыны зейнеткерлерге еңбекке жара­мсыз жаста жүйелі табыстың  лайықты көле­мін қамтамасыз ету мақсатында  түрлі төлем  көздерінен, нақтылар болсақ, мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен (бұл базалық және ортақ зейнетақы) және салымшының өз қар­жыларынан (жинақтаушы компонент, БЖЗҚ-ның төлемдері) берілетін қаржы ретінде қарас­тырады.

2014 жылы Мемлекет басшысы бекіткен зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымда­масы­на сәйкес, зейнетақы жинақтарын бір мәрте шешіп алуға шектеу қойылып, ай сайын төлем жасау тәртібі бекітілді. Бұл шаралар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру, бюджет есебінен және жинақтаушы зейнетақы есебінен жасалатын зейнетақы төлемдерінің ортақ көлемін ұлғайтуға бағытталған.

— Бүгінде зейнеттегі азаматтарға төленетін зейнетақының 80—85% мемлекеттік зейнетақы­дан құралады. Бұл жағдай біртіндеп өзгермек. 2018 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар 2040 жыл­дан бастап зейнетке  шыға бастағанда олар тек өз жинақтары мен базалық зейнетақыға иек арта алады. Әрі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап аза­маттардың зейнетақысы жинақ­таушы зейнет­ақы жүйесіне қатысу мерзіміне қатысты белгі­ленеді.

Яғни зейнетақымен қамту деңгейі   мемлекет пен жұмыс берушінің жарнаны уақытылы ауда­руына ғана емес, азаматтың өзіне көбірек байла­нысты болмақ, — деп атап өтті «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласы филиалының өкілдері.

Зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енген және таяу болашақта енгізілетін басқа да өзгерістермен қор  мамандары 27 наурызда өтетін шара бары­сында кеңірек таныстырады.  Сонымен қатар, салым­шылар мен алушылар Ашық есік күні барысында өздерін толғандыратын сауалдарға жан-жақты жауап алып, мамандармен жеке кеңесе алады.

Естеріңізге сала кетейік, «БЖЗҚ» АҚ алғаш рет Ашық есік күнін тура бір жыл бұрын «Зейнет­ақы жүйесінің құрылымы қандай?» деген тақы­рыпта өткізген болатын. Салымшылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие мұндай шараларды қор жүйелі түрде әрбір тоқсан сайын ұйымдас­тырып келеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *