ӘР ОТБАСЫМЕН БІРГЕ

Әр саланың өзіндік атқарар міндеті, көздеген мақсаты бар. Мысалы, әлеуметтік сала қызмет­керлерінің басты міндеті – ең жоғарғы құндылық ретінде адам өмірінде, тағдырында кездесетін  шиеленістермен, денсаулығында туабіткен, әр түрлі жағдайдың зардабынан болған дімкәстігі бар мүмкіндігі шектеулі балаларды және он сегіз жастан асқан пси­хоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерді қолдап, қолы­нан келгенше өз көмектерін аямай, әр отбасының мұңын бірге бөлісу, ауырлығын жеңіл­детуге дәнекер болу.

Халықтың өмір сүру сапасы, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғам­дағы көп ахуал әлеуметтік қорғау саласының даму дең­гейіне тікелей байланысты. Бүгін­де ауданымызда бұл бағытта түрлі  іс-шаралар, жұмыстар кең ауқым­да жүзеге асырылып келеді.

Ендеше, өмірдің түрлі сына­ғын бастарынан өткізіп жатқан отбасыларға демеу болып, әрқа­шан жандарынан табылып, тұр­мыстың қиын жағдайында әлеу­меттік қорғауға  алғашқы болып жүгіріп баратын әлеуметтік сала қызметкерлерін алда келе жатқан, қазан айының соңғы жексен­бісінде өтетін төл мерекелерімен құттықтаймын!

Иә, әлеуметтік салада жүрген әр қызметкердің еңбегі аса ауқымды. Сіздер дүниеге келген сәбиден бастап, қалт-құлт еткен қарияға дейін қамқорлық көрсе­тіп, өз қызметтеріңізді бұлдамай, адалдықпен атқарып  келесіздер. Өзге жанның ауыртпалығын арқа­лап, оны шешуге бар күш-жігерін жұмсайтын абзал да мейірімді жүректеріңіз тек жақ­сы­лыққа тола берсін, жемісті еңбек ете беріңіздер.

 

Гаухар ҚАНАТБЕК,

Бостандық аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

№2 бөлімшесінің бөлімше кеңесшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *