Әр ұлт өмірі шынайы көрініс тапқан көрме

«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиа­лы он төрт бастауыш партия ұйымының қатысуымен Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында өркениеттілік пен демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясат­та барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негіздел­ген ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптас­тыру үшін 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған көрме өтті.

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алма­ты қаласы мәслихатының депутаты Ісләм Байра­мұқов, Бостандық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және ғылыми  практикалық орталығы  төраға­сы­ның бірінші орынбасары Алена Магай арнайы шақырылды.

Бүкіл әлемде, әсіресе, көп ұлт өкілдері тұратын мемле­ке­тімізде қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті насихаттау үшін аталған көрмеде қазақ, қырғыз, татар, ұйғыр, орыс, түрік, өзбек, шешен, қарашай, корей, неміс, украин, грузин халықтарының өмірін әр ұйым жоғары деңгейде шынайы көрсете білді. Өйткені, көрмеге әр ұлттың өмірі мен тұрмысынан сыр шертетін фотосуреттер, деректі-көркем материалдар, еңбек құралдары мен күнделікті өмірде қолданылатын заттар, музыкалық аспаптар мен түрлі тағамдар қойылды. Сондай-ақ, көрмеге келген қонақтарды мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер өз өнерлерімен баурап, шаттыққа бөледі.

Көрме барысында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбылов сөз алып, «Бірлігі жарасқан Қазақстанда халықтар мен ұлттар арасы тыныш болып, елімізді мекендеген барлық ұлт өкілдері тек татулықта, бейбіт өмірде күн кеше берсін!» деп, барлық қатысушылар мен қонақтарды шын жүрекпен құттықтады. Сосын мереке соңында шараға белсене атсалысқан әрбір ұйым Алғыс хатпен марапатталды.

 

Рахима ДҮЙСЕБАЕВА, 

«Нұр Отан» партиясы Бостандық

аудандық филиалының кеңесшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *