Путиннің ескерткіші қойылмады

 

 

Ресейдің Қорған облы­сының Частоозерье елді-мекенінде «Отанға қызмет» мүсіндік композициясы ашыл­ды. Монументтің орталық тұсында Путиннің биіктігі 3,5 метр мүсіні болуы керек еді. Соңғы сәттерде бұл шешімнен бас тартуға тура келді. Алайда, Путинсіз де аталмыш ес­керткіште Ресейдің картасы бейнеленген, ал президент тұруға тиісті орынға президент антының мәтіні берілген. Демек, бұл жерде Путиннің қоладан соғылған монументі тұруы әбден мүмкін еді. Ескерткішті қоюға ұйытқы болып жүрген Мемлекеттік Думаның депутаты А.Ильте­ковтің айтуынша, Путин негізі байсалды адам ғой, ол жерге ескерткішін қойсақ ұятқа қалғандай екенбіз. Алайда, ендігі жерде бос қалған мінберге әркім өзін президент сезініп шығып сөйлеуіне болады екен. Ендігі жерде бұл орын ант қабылдайтын, уәде беретін жерге айналмақшы. Оны салуға 130 мың еуро жұмсалды. Бар қаржысын депутат өз қалтасынан төлеген.

Дегенмен, Путиннің мүсі­нін қайда алып кеткені бел­гісіз. Ильтековтің айтуынша, ескерткіш сенімді жерге қойылған. Уақыт өте келе ол өзінің тиісті жерінен орын алатын көрінеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *