Пушкин оқулары өтті  

Балнұр АХМЕТ

 

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқарма­сының ұйытқы болуымен  А.Пушкин ескерткішінің алдында дәс­түрге айналған «Пушкин оқулары» өтті.

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарла­масын» жүзеге асыру мақсатында ұйымдас­тырылған іс-шара аталған басқарманың 2018 жылға арналған жос­парына сәйкес славян халықта­рының мәдениеті мен әдебиетін кеңінен насихат­тауға бағыт­талған. Ізгі шараның ашы­луында Қазақстандағы Ресей Федера­циясының елшісі Ирина Переверзева жас ұрпақ тәрбиесіндегі бұл дәстүрлі шараның рухани маңыздылығы ерекше екендігін атап өтті. Оқуға қатысушы өнерпаздар А.Пушкин шығармаларын қазақ, орыс және өзге тілдерде мәнерлеп оқып, ақын шығармаларына жазылған әндер мен романстарды әлем тілдерінде орындады.

– Жыл сайын өткізілетін мәдени шара аясында Пушкин ескерткішінің алдында жастар жиналып, ақын жырла­рын шабыттана оқиды. Дәстүрлі шараға пушкинтанушылар мен Ресей Федера­циясы елшілігінің өкілдері қатысады. Бұл ізгі шараны жыл сайын түрлендіріп отыруға тырысамыз. Мысалы, өткен жыл­дардағы шаралардың бірінде оқушы­лар Пушкин шығармаларын орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде оқыса, «Пуш­кин – қазақ тілінде» деген атаумен өткен шарада қатысушылар қазақ ақындары аудар­ған Пушкин өлеңдерін оқыды. Биылғы шарада да оқушылар ақын шығармаларын әлемнің әйгілі тілде­рінде оқыды. А.Пушкиннің туған күніне ар­налған мәдени шараның мақсаты — Қазақ­стан халқының арасында рухани бірлікті, татулық пен ынтымақ­тастықты нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, А.Пушкин поэзиясына деген көпшіліктің ықыласын арттыру, әдебиет­ке, мәдениет пен өнерге қызығушы­лығын арттыру арқылы жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, дарынды жастарға қолдау көрсету болып табыла­ды. Әдебиет әлемі жас ұрпақты әдепті­лікке тәрбие­лейді, жақсылыққа жете­лей­ді, мейірімді­лікке баулиды, діліне даналық дарытып, жастардың жүрегіне адамгер­шілік асыл қасиеттерді ұялатады, – деді Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқарма­сының бөлім басшысы Бақыт Қалымбет.

Шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс­талды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *