Прогресс пен ашықтық жолына шақырады

Рухани жаңғыру  – ана тілімізді, ұлттық тарихымызды, төл дәстүрімізді, ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-санамызды, мәдени мұрамызды жан-жақты дамыта отырып, оны өскелең жастардың бойына терең сіңіру, ұрпақ­тан-ұрпаққа аманат етуді  көздеп  отырғанын  түсі­нуі­міз  керек.

Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – экономикалық, әлеуметтік, саяси бағыттар бойынша дамуымыздағы аса қажетті стратегиялық бағдарлама. Өйткені, табиғи байлығымыз да, алтынымыз да, астығымыз да қанша мол болғанымен, ол негізгі байлық болып есептелмейді. Негізгі байлық – адам капиталы, рухани байлық. Рухани жағы­нан неғұрлым бай болсақ, тұрақтылық та, достық та,  түсіністік те орнықты болады. Адам капиталы жоғары болған сайын, озық технологияларды өзіміз-ақ өндіріп, мате­риалдық байлыққа қол жеткізуге болады.

Сайып келгенде, Елбасы мақаласы мен биылғы  Жолдаудағы  ерекше мән берілген құндылықтар –  Қазақстанның Мәңгі ел болуы мен өркениеттің биік сатыларына  көтерілу жолындағы рухани мұраттары. Олардың барлығы   бір-бірімен өте тығыз байланыста өрілген.

Мақалада айтылған негізгі бағыттарды жүзеге асыруда бәріміз белсенділік таны­туымыз қажет. Себебі, еліміздің жарқын болашағы ертеңгі ұрпақтарымыздың жақсы өмір сүру кепілі. Мемлекет  басшысы ұлттық болмысымызды мәңгілікке сақтау үшін бірінші кезекте ұлттық  код, ұлттық мәдениет, ұлттық тарихымызды қайта жаң­ғыртуға кірісуіміз қажеттігін қарапайым  ұғынықты түрде жеткізіп берді. Прези­дентіміз «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деп, рухани болмысымызды сақтаудың маңыздылы­ғын атап көрсетті. Өйткені, біздің барлық бай мұраларымыз тарихымыз бен мәдениеті­мізде, әдебиетіміз бен өнерімізде екені даусыз. Тарихтан терең тамыр алып, руха­ни құндылықтарымызды дәріптесек, кемел келешекке жарқын жүзбен жетеміз.

Мақалада қамтылған бәсекелік қабілет мәселесі де өтеорынды айтылған деп есептеймін. Елбасының «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» дегені бәрімізді ойландыруы тиіс.

Рухани жаңғыру – халқымыз­дың бола­шағы үшін қызмет ететін өміршең құжат  деп түсінеміз. Еліміздің даму  жолының биікке өрлеуі мем­ле­кетіміздің саяси дамуымен  де тығыз байланысты.

Рухани жаңғыру  – ана тіліміз­ді, ұлттық тарихымызды, төл дәс­тү­рімізді, ата-баба­мыздан жалға­сып келе жат­қан салт-санамызды, мәдени мұрамызды жан-жақты дамы­та отырып, оны өскелең жас­тардың бойына терең сіңіру, ұрпақтан-ұрпаққа амана­т етуді  көздеп  отырғанын  түсінуіміз  керек. Бұл бағытта елімізде бұдан бұрын да ауқымды жұмыс­тар  атқарылғаны баршаға белгілі. Мәселен,  2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылды. Әсіресе, Қазақ хандығының 550 жылды­ғы­на бағыт­талған іс-шараларды жүзеге асыру бары­сында да халқымыздың мерейі үстем болды.  Халқымызға пайдалы мұндай әңгіме­лер  бұрын да   айтылған.  Елбасы   бұдан  бұрын «Ұлытаудағы сұхба­тында» да тарихымызға терең талдау жасап, туған өлке шежіресін тануға шақыр­ған болатын.

Қазақ қоғамында соңғы 10–15 жылдар бедерінде үлкен  әлеуеті  зор  өзгерістер орын алды. Халықтың  әл-ауқатының артуы және қала халқының санының  арта түсуі  жаңаша ойлайтын әлеуметтік ортаның пайда болуына алып келді.  Дәл осы  орта  үшін Президенттің мақаласында айтылған прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, ашық­тық секілді құндылықтар маңызды болып табылады. Олар – жақсы білім алған, бір­не­ше тіл білетін, өз дәстүрімен қатар зама­науи өмір салтын ұстанатын жаңа ұрпақ буыны. Бұлар елдегі қоғамдық-саяси өмірге ықпал етуге мүдделі белсенді топ. Биліктің жаңа идеологияны дамытуы арқылы дәл осы топқа сүйенуіне мүмкіндігі бар.

Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде әр мемлекет өзіндік ұстанымын қалыптас­тыру үстінде. Елбасы мақаласына сүйен­сек, Қазақстандағы жоғары билік прогресс пен ашықтық жолын таңдап отыр.  Осы  топ жаһандық әлемге  еркін  кірігіп,  оның заң­дылықтарымен  белсенді  жұмыс  істей­тін  топ болатынына сенемін.

 

Бекнұр  ҚИСЫҚОВ,

Қазақстан  Республикасы Франчайзинг 

одағының  төрағасы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *