Президент мақаласын талқылады

Академия оқытушылары мақаладағы Абай шығармаларын жан-жақты талдап, өзіндік көзқарасын жүйелі, әдеби тілмен шебер жеткізген Президенттің орамды сөздерін, нақты ұсыныс-пікірлерін  мысалға келтіре отырып, мақаланың жаңашылдық сипатта жазылғаны туралы өз ойларын ортаға салды. Абай шығарма­ларының  Қазақстанды жаңа белеске жеткізуде маңызы зор екенін, ақынның әдеби-философиялық тұрғыдан ғана  әлемдік құбылыс емес, оның әр туындысы адамдар санасының жаңарып жаңғыруына әсер ететін, қоғамдық формацияда тәрбие құралы деп атап көрсетті. Президент мақаласының  қазақстан­дықтарға  салмақты ой салғаны туралы кафедра меңгерушісі Г.Мұхаметқалиева, оқытушылар Ф.Сәметова,  А.Құрманәлиева, Т.Садақбаевтың өзгеше пікірлері көпшілік көңілінен шықты.

Талдау барысында мақала туралы өзіндік пікірін ортаға салған Ә.Мұхтарованың  әдеби талдауы да көпке ой салды. Талдау соңында кафедра мүшелерінің Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты Президент ұсынған іс-шараларды іске асыру жұмыстары бойынша  нақты жоспар құрылып, әр оқытушының міндеттері анық­талды. Осылайша академия оқыту­шылары Абайдың тағылымдарын терең танып, бірінші орынға қою керек деп нақтылай түсті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *