Полицияның мобильді пункттері орнатылуда

Қаланы қалай қауіпсіз ету керек? Бұл – қала әкімінің алғаш тағайындалған күннен бастап шешімін тапқан басты мәселелердің бірі.
Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес Алматының полиция департаменті ең криминогендік учаскелерді анықтап, сол жерлерге полицияның мобильді пункттерін орнатуда.
Идеясы сол, жағдай тұрақтанғаннан кейін пункт басқа жерге ауыстырылады.
Әр ауданда 4 мобильді пункт болады. Бүгінде алғашқы 22 пункт қала бойынша орнатылды.
Күні кеше қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Саяхат», Көк базар, Ганди саябағы, «Атакент», Панфиловтегі жаяу жүргіншілер жолында орналасқан мобильді пункт инспекторларының кешкі уақыттағы кезекшілігін тексерді.
– Қала тұрғындары, жағдайдың тынышталғанын, әсіресе, мұның қазір қараңғы ерте түскен уақытта байқалатынын айтуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, – деп атап өтті шаһар басшысы.


«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *