Полиция қызметкерлерiне қалта сөздiгi таратылады

Елiмiздiң Iшкi iстер министрлiгiнде қызметкерлерiнiң азаматтармен мемлекеттiк тiлде сөйлесуiнiң жай-күйi талқыланды. Осы тақырыпта өткен дөңгелек үстелде азаматтармен сөйлесуде, заңбұзушылық жағдайында хаттама толтыру және өтiнiш қабылдарда мемлекеттiк тiлде жүзеге асырылу жайы кеңiнен сөз болды.

Жиын қорытындысы бойынша Iшкi iстер органда­рының күнделiктi қызметiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданыс аясын арттыру жөнiнде ұсыныс-пiкiрлер айтылды. Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк тiл және ақпарат депар­таментi полиция қызметкерлерiнiң азаматтармен күнделiктi жұмыста қолданатын қалта сөздiгiнiң жобасы жасалды. Сондай-ақ, iшкi iстер органдарының барлық аймақтық бөлiм­дерiнде қалта сөздiгiнде жазылған сөздер мен сөз тiркестерiнен сынақ тапсыру ұйымдастырылатын болды.

Елiмiздiң құқық қорғау орындарының басым көпшiлi­гiнде iс қағаздарының толтырылуы, ауызекi жауап алу, өтiнiш жазу, сот процесiнiң ресми орыс тiлiнде жүргiзiлетiнi жасырын емес. Бұл салада iстейтiн қызметкерлердiң ендiгi жерде мемлекеттiк тiлге мықтап көңiл бөлуiне тура келедi. Алғашында қалтасындағы сөздiкке қарап, ойын жеткiзуге талпынса, бiртiндеп мемлекеттiк тiлде еркiн жауап берудi үйренiп те кетер. Өйткенi, iшкi iстер саласында қызмет ететiндердiң көпшiлiгi өзiмiздiң қаракөз емес пе?

Ө.ӨТЕУЛIҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *