Планшеттегі пәлен-пәштүген

«Мен, Мен» деп сөйлейтіндердің бәрі – Махамбет емес

Талғат ТЕМЕНОВ,

Қазақстанның халық артисі:

 

Ұятсыз ой ақыл ұйықта­ғанда келеді

 

* Ең үлкен ерлік таңғы сағат бесте өзіңді-өзің столға отыр­ғызу.

 

* Бізге инвестиция тар­тыл­ғаны жақсы. Ал оның қара­пайым халыққа жеткені – одан да жақсы.

 

* Адам бақытты болу үшін көп нәрсенің керегі жоқ. Бар болға­ны әкімнің баласы болсаң бол­ғаны.

 

* Күліп жүрген адамға Құдай да көмектесіп тұрады.

* Әйеліңмен ажыраспаудың жолы – жиі жүздеспеу.

 

* Ақшаға сатылмайтын екі-ақ нәрсе бар. Ол жастық һәм ақыл.

 

* Ұятсыз ой ақыл ұйықта­ғанда келеді.

 

* Жарлы адам да арлы болады.

 

* «Мен, Мен» деп сөйлей­тіндердің бәрі – Махамбет емес.

 

* Қыз тамақ жасай алмаса – шешесі кінәлі.

 

* Ровесники – это не значит единомышленники.

 

* Ар – адамның күзетші-оққағары.

 

 

Жалғыздық – ақыл мен сезімді ұштайды

 

* Ең үлкен стимул – қыз­ғаныш.

 

* Дәрігерге барғанда – дәрменсізсің.

 

* Дүниеде сөзбен айтып жеткізе алмайтын үш сұлулық бар. Ол – әсем музыка, таби­ғаттың тылсым көрінісі және сұлу қыздың суға шомылуы.

 

* Жалғыздық – ақыл мен сезімді ұштайды.

 

* Сұлу қыздың ақылы – түске дейін болады.

 

* 8 наурыз шынымен де мереке. Еркектер тойлайды. Әйелдер қызмет етеді.

 

* Ағысқа қарсы жүзу – кете балық пен кемеңгерге ғана жарасқан. Ал басқасы – қыр­тымбайлық.

 

* Баяғыда Герострат атын шығару үшін Артемиданы өртесе, бүгінде атын шығару үшін әкесінің арын өртейтіндер көбейіп кетті. Ал әкенің ары – Артемидадан да қымбат.

* Еркек боқтаса – жарасады,

Әйел боқтаса – адасады.

 

* Сөзге шорқақ – не сараң, не жетесіз.

 

* Отанын сүю – көше сыпы­рудан басталады.

 

 

Үйдің тілі бір басқа, сырттың тілі бір басқа

 

* Амандасу – адамгершіліктің алғашқы қадамы.

 

* Біреудің жасаған жақсы­лығын айтпау – сатқындықтың бір түрі.

 

* Біреу әнді микрофонмен айтады, біреу фонограммамен айтады. Ал негізі әнді жүрекпен айту керек.

 

* Ақыл айту – ақымақтықтың басы. Ал ақылды тыңдамау – ақымақтықтың соңы.

 

*Көк аспан – шексіз,

Көп арман – шексіз.

 

* Сұлу мүсін де – поэзия…

 

* Ғашықтардың кеудесінде – күйсандық…

 

* Шет елдің әнші-бишісі бізге өнер болмайды.

 

* Көңіл – космостан да күрделі  де қиын планета.

 

* Арсыз ойдан ұятсыз бала туады.

 

* Бізге шет елге кеткен ақшадан гөрі шет елде жүрген адам­дарымызды қайтару әлде­қайда маңызды.

 

* Қателеспейтін адамды білмеймін,

Қатесін түзеген адамды білемін.

 

* Бір адам қателессе – коме­дия, екі адам қателессе – драма, мың адам қателессе – трагедия.

 

 

Шын суретші – көп сөйлемес

 

* Ақынды өлтірем десең, оны әкім қой.

 

* Балаң өссе – аяғыңды бай­қап басасың.

 

* Келін алғанда – келінге келін болу үшін аласың.

 

* Өкінішке орай, анаңның қадірін айырылғанда ғана білесің.

 

* Роль алу – рульге отыру емес.

 

* Дарынсыз актер – қыз­ғаншақ болады.

 

* Сұлудың ұйқысы да – сәби­дің ұйқысындай тәтті.

 

* Адамның досы да, қасы да – өзі.

 

* Ақындық жалғыздықтан баста­лады.

 

* Тайға мініп үйренген бала – есекке отырмас.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *