Пітір садақаны онлайн түрде беруге болады

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақа мен зекетті мобильді қосымшалар арқылы аударуға болады.

«Онлайн жүйесінде садақа берудің оңтайлы жолын таңдадық. Мұсылман қауымы сауаптар еселеніп жазылатын қасиетті айда мұқтаж отбасыларға зекет пен садақа беріп, халықтың батасын алып, алғысына бөленеді. Осы ретте Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті Kaspi bank және Halyk bank, Qiwi мобильді қосымшалары арқылы аударуға болады», — деді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров.

Қазіргі таңда басқа да банктермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

«Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы белгілі бір банкті жарнамаламайды. Алайда қазіргі төтенше жағдай кезінде үйден шықпай садақа берудің осындай оңтайлы жолын таңдап отырмыз. Мобильді қосымшаларға әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардағы орталық мешіттердің есепшоттары енгізілді. Әр азамат өз өңіріндегі мешіттің есепшотына пітір садақасы мен зекетті үйден шықпай онлайн режимінде аудара алады», — деді ҚМДБ төрағасының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның төралқа мәжілісінің шешімімен биыл 1 адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге болып бекітілді.

«Пітір садақаның құны 2 келі ұнның республика бойынша есептегенде нарықтың орташа бағасымен шығарылды. Ал материалдық жағдайы бар азаматтардың пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен де беруіне болады», — деп айтып өтті.

www.24.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *