ПИК БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАРЫ ТАЗА ЕМЕС

66Соңғы кездерi «Ақшамның» редакциясына қаладағы қоғамдық көлiктерде жиi кездесетiн келеңсiздiктерге қатысты және пәтер иелерi кооперативтерiнде (ПИК) орын алған заңбұзушылықтар бойынша арыз-шағымдар көптеп келетiн болып жүр. Тiптi, осыған байланысты бiздердiң тиiстi орындарға арнайы хат жiберген кездерiмiз де болды. Бiрақ, қозғай-қозғай әбден жауыр болған бұл мәселе әлi күнге өз шешiмiн таппай келедi. Тек бұл қордаланған iске қалалық прокуратура органдары араласқан соң ғана мәселе алға жылжи бастады.

Атап өтетiнi, осыдан екi айдан астам уақыт бұрын Алматы қаласының прокуратурасы мен қалалық Тұрғын үй басқармасының қаладағы пәтер иелерi  кооперативтерiне (ПИК) қатысты тексеру шараларын бастаған болатын. Нәтижесiнде, ПИК-тердiң  барлығы да заңбұзушылықпен жұмыс iстеп келгенi анықталған. Оның iшiнде, әсiресе, қаладағы әрбiр екiншi пәтер иелерi кооперативiнiң қаржылық амал айлаға баратыны белгiлi болған. Бұл осы таяу арада аталған екi қызметтiң бiрiге жасаған рейдтерi нәтижесiнде анықтауға мүмкiн болған. Бұл ретте ең көп кездескен амал-айлалар iшiнде – тұрғындардың жалпы жиналысының жалған хаттамаларын жасау, бағасы қолдан көтерiлiп көрсетiлген сметалар және әр үйге тиесiлi банктiк есеп-шоттың жасалмауы болған. Сөйтiп, тексеру жұмыстары барысында осындай заңсыз iстерге барған 50-ден астам ПИК белгiлi болған.

Дегенмен де жоғарыда келтiрiлген заңбұзушылықтар анықталған ПИК-тердiң барлығына тексерушiлер жазбаша ұйғарымдар мен ескертулер берумен ғана шектелдi. Бұл ретте кооперативтер айыппұл төлеуден аман қалды. Дегенмен де өз кезегiнде қадағалаушы органдар тұрғындарды бұлай ұдайы тонауға жақын арада тыйым салатындарын ашық мәлiмдеп отыр. Сондықтан да ендiгi кезде осындай рейдтер тұрақты сипат алатын болыпты.

Жалпы, қалалық прокуратура органдары ПИК-тердiң қаржылық айла-шарғысына жауапкершiлiктi күшейту керек деп отыр. Бұл ретте, тiптi, аталған заңсыздықтарға байланысты айыппұлдар салу мен ескертулер жасау туралы әкiмшiлiк баптарға қылмыстық қуғындау талаптарын енгiзудi де ұсынуда. Бұл, әрине, ақша жегеннен басқа бiлерi жоқ тойымсыз кооператив төрағалары мен бухгалтерлерiн сабасына түсiредi деп ойлаймыз.

Өйткенi, бiр үйден болса да жиналып жатқан орасан зор қаржының қайда кетiп жатқанын пәтер иелерi бiлiп тұруға қақылары бар ғой.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *