«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының қалалық кезеңі басталды

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орта­лығы» акционерлік қоғамының филиа­лы Алматы қаласы бойынша педаго­гика­лық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Өрлеу» БАҰО» АҚ 2018 жылғы жедел жоспарына сәйкес мектепке дейінгі, орта, қосымша, техника­лық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайын өткізілетін «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының қалалық кезеңі басталды.

Бірыңғай ақпараттық-білім кеңісті­гінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагог­тар­дың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған конкурс 22 номинация бойынша өткізіледі.

Әр номинация бойынша жүлделі І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздар конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға жолда­ма алады.

Республикалық конкурстың әр номинация бойынша жүлделі І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздары «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының диплом­дары мен бағалы сыйлықтарын иеленеді.

Конкурстың өткізілетін уақыты: маусым – желтоқсан 2018 жыл.

 Республикалық конкурс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Анықтама үшін байланыс телефоны: 8(727)3824176 – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ Инновациялық дамуды әдісте­ме­лік қамтамасыз ету бөлімі.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ

филиалы Алматы қаласы бойынша

ПҚБАИ Баспасөз орталығы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *