Партияны қайта жаңғырту – уақыт талабы

Жуырда Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында еліміздің дамуына ықпал ететін және партияның қоғамдағы көшбасшылық рөлін арттыра түсетін бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда туындаған сауалдарға байланысты алдағы сайлаулардың заңда белгіленген мерзімде өтетінін қадап айтты және сайлауалды науқанға дайындықты қазірден бастау қажеттігіне тоқталды. Бұл мақсатта пар­тия­ның жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынып, оны «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының  7 серпіні» деп атады.

Бұл бағдарламада, ең алдымен, партияның белсенді мүшелерін топтастыруға айырықша мән берілді. Сондықтан қоғамдық мәсе­лелерді нақты көтеретін және оны шешудің жолдарын ұсына білетін білікті, белсенді азаматтарды партияға тар­ту­дың жай-жапсары қозғалды. Пар­тия төрағасы партия мүшелерін ха­лықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге, қарапайым жұрт көтеріп отырған мәселелерді тұрақты назарда ұстауға, ақылдаса, бірлесе шешуге шақырды.

Партияны қайта жаңғырту тақырыбы бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді көтеріліп, әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Елбасы айтқандай: «Партияға халықтың сенімі жоғары болуы қажет, бұл заман талабы». Ең бастысы, біз тәуелсіздігімізді нығайтып, болашақтағы даму бағытын анықтай алған елміз. Елдің тыныштығын сақтау, жеткен жетістіктерді еселеу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл орайда, «Nur Otan» партиясы елдің дамуына айырықша үлкен үлес қосып келеді. Әсіресе, партияның қайта жаңғырту бағдарламасындағы Қазақстандағы шет жатқан елді-мекендерге көмек көрсетуді жүйелі жүргізу мәселесі жұртшылықтан қолдау табуда. Бұл партияның халыққа жақын болуына, қоғамның нақты сұраныстарын қанағаттандыруға жасалған қадамның бір көрінісі.

Мен де «Nur Otan» партиясының қатардағы мүшесі ретінде  саяси көшбасшылықты күшейту бағытындағы қолға алынып жатқан барлық игі істерді, оның ішінде рухани жобаларды қолдаймын.

Мәдениет саласының қайраткері ретінде, өнер жолының оңай жол емес екенін атап өткім келеді. Қазір партия мен мемлекеттің қолдауының арқасында Қазақстанның өнері шет елдерде үлкен танымалдыққа ие болып келеді. «Өнерлінің өрісі кең» дегендей, қазақ халқының дәстүрлі ән-жыр өнерін дамыта бермекпін және де біз жастарға болашаққа деген сенім береміз. Бізге қарап бүгінгі жастар барлық салада жақсы жетістіктерге жетуге ұмтылады. Ел дамуының бір мұраты осы.

Ұлжан БАЙБОСЫНОВА,

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі,

ф.ғ.к., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Франция мемлекеті өнері мен әдебиеті орденінің кавалері, жыршы.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *