ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

— Бақылау бар жерде әр істен үлкен нәтиже күтуге болады. Сондықтан бізге партиялық бақылау пәрменін  күшейту керек, – деді  «Nur Otan» партиясының Наурызбай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Санжар Тоғай жуырда болып өткен  партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысында.

Нұржамал  БАЙСАҚАЛ

Аталған комиссияның отыры­сын   Санжар Тоғай өзі ашып жүр­гізді. Оған аудандағы  меке­мелер мен ұйым­дар­дағы баста­уыш партия ұйымда­рының жетек­шілері  қатысты. Оты­рыстың күн тәртібі бойынша партия­лық бақылау комиссиясының төр­ағасы Т.Тойбаев баяндама жасап, онда бастауыш партия ұйымда­рында атқарылып жатқан іс-шаралармен қатар, партиялық жарнаны  төлеу барысына, соны­мен қатар, партияның жаңа жобасы «Құтты мекен» бағдар­ламасын жүзеге асыру бағытында қолға алынып жатқан жұмыс­тарға тоқталды.

Комиссия төрағасы өз сөзінде  жарна төлеуді кешіктіретін, партия құрамын жаңа мүшелер­мен толық­тыруға немқұрайлы қарап отырған бірқатар  бас­тауыш партия ұйым­дарын атап  өтті. Олардың қатарында №1 және №7  қалалық клиникалық аурухана ұжымы да бар. Аталған емдеу мекемелері жарна  бойын­ша қарыздар  көрінеді. Сондай-ақ, оты­рыста  бақылау комис­сия­сы мүшеле­рінің аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысан­дарына  жаса­ған тексеру жұмыстарының қоры­тындылары, тексеру барысында орын алған кемшіліктер   де айтылды.

Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі, партияның аудандық  филиа­лының төрағасы С.Тоғай   комиссия мүшелеріне жұмысты жандандыруды, жарна төлеу  тәртібін ретке келтіруді және «Құтты мекен» бағдарлама­сының жүзеге асырылуын қадағалап отыру қажеттілігін, сондай-ақ, әрбір бастауыш партия ұйымда­рының жетекшілеріне кез-келген  мәселеде өздерінің ықпалын  арттырып, көмек  сұрап, мұң-мұқ­тажын айта  келген тұрғын­дардың өтініштерін қабылдап, қолұшын беруді тапсырды.

— Егер де бастауыш партия ұйым­­дары ықпалды болса, жұрт­тың  сенім­дері артар еді. Сіздер  ешбір әрекет танытпаған соң олар көбіне аудан әкімдігіне,  партия­ның аудандық фили­алына шағым айтуға мәжбүр. Партияның беделін көтеретін, халық­тың оған деген сенімінің артуына ықпал ететін ең алдымен  бастауыш партия ұйымдары болуы тиіс. Олай болса, жұмыстарыңызды жандан­дырып, әр ұйым өз үнін танытуға, көмек қажет ететін жандардың жаны­нан табылуға ұмтылсын, – дей келіп, осы оты­рыста аталған бастауыш ұйым­дардағы  кемшіліктерді қалыпқа келтіріп, жарна төлеу тәртібін ретке келтіруді қадаға­лауды  партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Күмісход­жаев­қа,  аудан әкімі­нің орынбасары Ғ.Май­лыбаевқа жүктеді.

Төраға сонымен бірге, аудан әкім­дігі жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде құрылған қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыруды  және ай сайын кеңес отырысын өткі­зіп тұруды  аудан әкімі аппаратының жетек­шісі М.Нысанәлиевке, ал  «Құт­­ты мекен» бағдарламасының орын­да­луын қадағалау мен  аудан аума­ғында салынып жатқан  құрылыс нысандарына партия­лық бақылауды күшейту  жұмы­сын    орынбасары А.Орын­бековке тапсырып,   аудандық филиалдың саяси кеңес мүшелерін  бас­тауыш партия ұйымдарына жетек­ші етіп тағайындау туралы ұсынысын білдірді.

С.Тоғайдың «Жастар алаңын» құру, бастауыш партия ұйымы­ның же­текшілері үшін семинар-тренинг­тер  ұйымдастыру, қоғам­дық қабыл­дау кабинеттерін құру  жөніндегі ұсыныстары да оты­рысқа қатысу­шылар тарапынан қолдау тапты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *