«PARASAT» орталығы ашылды

Рая ЕСКЕНДІР

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бас ғимаратында «PARASAT» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру орталығы ашылды.

Іс-шараға еліміздегі көшбасшы ұйым – «Nur Otan» партиясының өкілдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік төрағасы Алик Шпекбаев, ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов, «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласының әкімдігі, Оңтүстік Кореялық ІМЕІ халықаралық  ментальді-ағартушылық орталығы мамандары, жастар ұйымдары мен университет ұжымы қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен республика бойынша қолға алынып жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында ауқымды шаралар қазақстандық ЖОО-ларда нақты іске асырылуда. Өйткені, жемқорлықпен күрестің тиімділігі бүкіл қоғамның жұмылып, белсенді атсалысуына тікелей байланысты. Осы ретте мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар мен ұстаздар қауымы жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруды – баршамыздың міндетіміз деп санайды.

Орталықтың ашылуында ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов ашып, оқу орнының әлемдік деңгейдегі университетке трансформациялану стратегиясымен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Мемлекеттік қызмет істері және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тығыз байланыс нәтижесінде ашылған жаңа орталықтың жұмысын университеттің Құқық кафедрасы және Тәрбие бөлімі мамандары мен белсенді студент-жастар бірлесіп жүргізеді. Қазақс­тан­ның озық ЖОО-ларын бірік­тірет­ін Академиялық адалдық лигасы құрамының мүшесі ретінде ҚазҰАУ бұл бағытта жүйелі жұмыстарды іске асырып келеді.

«PARASAT» орталығының мақсаты – білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық қағидаттарына тәрбиелеу, сонымен қатар халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту және енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыру.

Сонымен қатар, орталық «Nur Otan» партиясымен, «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен, «Алматы – адалдық алаңы» жобасымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, Алматы қаласының әкімдігімен, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігімен, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Университеттің Студенттер үйлерінде «Саналы ұрпақ» клубтары мен «Адалдық алаңдары» ашылған.

Агенттік басшысы биылғы жылдың 4-8 қараша аралығында «PARASAT» мектебінде өткен «Сыбайлас жемқорлық феномені мен парасаттылық және онымен байланысты ұғымдар»  туралы семинарға қатысқан белсенді студенттерге арнайы сертификаттар табыстады.

ҚазҰАУ жастарымен кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекбаев Қазақ ұлттық аграрлық университетінің атқарып отырған жұмыстарына табыс тілеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін әсіресе, жас ұрпақтың санасын жаңғыртып, олардың бойында патриоттых рухпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды екенін айрықша атап өтті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *