ПАЛЛИАТИВТІ КӨМЕККЕ ЗӘРУ ЖАНДАР АЗ ЕМЕС

Алматы қаласында 1999 жылы алғашқы Хоспис құрылған кезде осы үйдің  қажеті бар ма, әр науқастың ет жақыны, туған-туыстары бар емес пе дегендер де болғаны есімізде. Ол рас. Ешкім туған-туысын далаға тастай қоймас, дегенмен  өмір мен өлім арасында, жарық күннің соңғы сағаттарын санап жатқан жақын адамның қиналған сәтін, оның  бұл дүниемен қош айтысып, соңғы сапарға аттанар сәтін көру ешкімге оңай тимес.  Оның үстіне қасында қарайтын адамы жоқ, жалғызілікті жандар қаншама десеңізші! Бұл тұрғыдан келгенде, Хосписті қайырымдылық пен қамқорлық үйі деп те атауға болар.  

 Н.БАЙСАҚАЛ

Сондай мейірім мекені атанған  қаламыздағы Хоспис бүгінде Паллиативті көмек орталығы деп аталады.   Хоспис немесе Паллиа­тивті көмек орталығының   өмірмен қош­тасар жер емес, адамдарға толыққан­ды өмір сүруге мүмкіндік беретін, өмір сыйлайтын, жарық күннің әрбір сәтін бағалауды, оның қадірін сез­діретін медициналық мекеме екен­дігіне қазір жұрттың көзі жетті. Мұндай көмек тек ересек­терге ғана емес, балаларға да қажетті болған­дықтан    2014 жылы   Алматы қала­сында еліміз бойынша ғана емес, Орта Азия елдері арасында бірінші  болып  балаларға арналған  Паллиа­тивті көмек орта­лығы құрылған болатын. Алматы қаласындағы 80 орын­ды Паллиативті  көмек орта­лығы   жылы­на мыңға жуық адамға көмек қолын созады. Қазіргі кезде орталық өз жұмысын жақсартып, паллиативті көмек түр­лерін жетілдіре түскен. Дейтұрғанмен,    қажеттілік пен  адамдардың сұраны­сынан туындап отырған мұндай орталық­тардың жұмысын  одан әрі жандандыру  денсаулық сақтау саласындағы   басты мәселелердің бірі   болып  отыр. Жуыр­да болып өткен «Нұр Отан» партиясы жанын­дағы   қала тұрғындарының денсау­лығын жақсарту мен   денсаулық  сақтау  мекемелерінің жұмыстарына   жауап­ты комиссия өзінің кезекті отыры­сында   паллиативті көмекті жақсарту мәселесін қарады. Қалалық мәслихат депутаты, №5 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері, Медеу ауданы бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің үйлестірушісі  Болат Садықов жетек­шілік ететін комис­сияның бұл кезекті отырысына қалалық Денсаулық сақтау  саласы­ның өкілдері, «Қазақ­станның паллиативті көмек ассоциациясы» ЗТБ жетекшілері, денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері мен бастауыш партия ұйымдарының  жетекшілері және «Жас Отан» белсенділері қатысты.  Комиссия отырысын өзінің кіріспе сөзімен ашқан Болат Садықов  паллиативті көмектің  қоғамдық денсаулық сақтау саласының маңызды бір бағыты, медициналық көмектің бұл түрі науқастардың өмір сүрулеріне қолдау көрсету мен жақсартуға бағытталған тек дәрігерлік қызмет қана емес, мейірімділік пен адам­гершілік қағидаларынан құралған көмек түрі екендігін, қазіргі кезде Алматы қаласындағы  Паллиативті көмек орталығының осы көмекке зәру жандардың қажет­тіктерін толық қамтамасыз ете алмай отырғандығын айта келіп,  науқас жандардың өміріне демеу болатын орталықтың жұмысын жақсартып, жетілдіруге қатысты бірқатар пікір ұсыныстарын ортаға салды. «Қазақстандағы паллиативті көмек ассоциациясының өкілдері де өздерінің ұсыныстарын айтып, орта­лық жұмысын жақсар­туға мүмкіндік беретін  өзге елдердің тәжірибелері жайлы айтты.  Комиссия мүшелері  мемлекеттік  органдарға  ұйымдас­тыру­шылық және экономикалық мәселелерге қатысты бірқатар ұсыныстар енгізіп, паллиативті көмек  мәселелеріне жеткілікті түрде көңіл бөліп,  науқас жандармен қатар, оның  отбасы мен жақын­дарына қолдау көрсететін көмек түрі екендігін тұрғындарға жеткізу керектігін және қазіргі кезде онкологиялық  ауруға шалдыққан­дардың 43,2 пайызы және созыл­малы жұқпалы емес ауруларға шалдыққандардың 40,4 пайызының осы көмекке зәру екендігін айрықша атап өтті.

Әр адамның пешенесіне жазыл­ған әр түрлі жағдайлар болатыны өмірдің заңдылығы дегенімізбен,  Жаратқан ием әр пендесін  біреудің көмегіне мұқтаж  ете көрмесін дейсің…

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *