Пәтер иелеріне тиімді сайт жұмыс істейді

Үстіміздегі жылы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басқару органдарының (ПИК) ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында «Тұрғындарға арналған қолжетімді сервис» (Е-КСК) ақпараттық порталын ашты.
Үй туралы толық ақпараттарды (салынған жылы, үйге қызмет көрсететін сервистік компаниялар туралы мәліметтерді, әр үй бойынша есеп алып отыруға, т.б.) алып отыруға мүмкіндік тудыратын бұл портал пәтер иелері мен басқару органдары арасындағы өзара байланысты нығайтуға қолайлы алаң болып отыр.
Сондай-ақ, тұрғындарға онлайн режимінде үйінің шығындары мен кірістерін бақылап отыруға, төлемдер мен есеп-қисаптың дұрыстығын тексеруге, өз басқару органының қызметіне мониторинг жасауға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өздерінің арыз-шағымдарын беруге мүмкіндік жасалған.
Жүйе жұмысымен толығырақ танысып, тіркелу үшін www.almaty-ksk.kz сайтын қараңыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *