ОЗЫҚ ОЙДЫҢ ЖЕМІСІ

????????????????????????????????????

Қазақбай ҚАСЫМОВ,

«Ахыска» түрік мәдени орталығының төрағасы

Елбасының «Егеменде» жарық көрген мақаласы бәріміздің көкейімізде жүрген арман-мақсаттың үстінен дөп түсті десек, артық айтқандық емес.

Ол тілді айтты, ділді айтты, дінді айтты. Қысқасы, тәуелсіз елге керекті дүниенің бәрін түгендеп, елдің ертеңгі өміріне нақты жоспар жасады. Ұлттық сананың қалып­тасып, одан әрі дамуын жік-жікке бөліп, жұрттың жүрегіне жылы тиетін жолдарды көрсетіп отыр.

Соның ішінде, мақаладағы «Туған жер» бағдарламасы бір күннің емес, бірнеше жылдарға созылған кемеңгер ойдың, сұң­ғыла сананың жемісі екені ақиқат. Өлке­тану мен абаттандыру жұмыстары және тарихи ескерткіштер мен мәдени нысан­дарды қалпына келтіру шараларын қазір­ден бастап қолға алмасақ, «әттеген-айлап» қалуымыз да мүмкін. Сол себепті, Елбасы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мін­деттер мен тапсырмаларды ертеңге қалдыр­май, бүгіннен бастап жабыла орындауға тиіспіз. Бұл – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қата­рына кіруге бірден-бір кепіл.

«Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қыр­қасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлке­нің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзент­тері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деді Елбасы. Мақалада айтылған осы жолдар­дан-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жерге деген ыстық ықыласын, зор махаб­батын аңғаруға болады емес пе?!

Ендеше елін сүйген Елбасымыз барда біздің де аянып қалғанымыз жарамас. Қолдаймыз. Қуаттаймыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *