Озық елдерге тән орталық

Классикалық медицинадан нәр алып, адамзат дамуындағы ғажайып емдеу дәстүрі Шығыс-Тибет медицинасынан сусын­даған Самат Нұрғалиұлы ха­лыққа өзінің қажырлы да ыждағатты еңбек жолымен ем, шипа сыйлап жүрген бірегей азамат. Әбден тәжірибе жинаған ол халыққа жалпы түрде меди­­циналық ем жасау мақсатында үлкен медициналық орталық ашқан болатын. Бұл Шығыс медицинасы орталығында хирург, уролог, кардио­лог, сто­матолог, гинеколог, иглотера­певт, мануалды терапевт, сүлік сала­тын дәрігер және тағы басқа мамандар жұмыс істейді. Олар үнемі  өздерінің медици­налық білімін шыңдап, дәрі­герлік біліктілігін арттырып отырады. Еуропа  мен Азиядан білікті мамандар келіп, семинар, конференциялар өткі­зіп, тәжірибе алмасу дәстүрге айнал­ған.

Алматы қаласының тумасы бала кезінде спортшы болуды армандаған еді.  Мектепте оқыған шағында еркін күрес және бокспен айналысты. Әкесі Нұрғали Ихсан­ұлы мен анасы Гуля Хасанқызы 5 баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, тәрбие­леп өсірді. Бірақ уақыт өте келе Самат меди­цина саласына ерекше ықылас танытады. Алматы қала­сындағы №49 мектепті бітірген соң, жас жігіттің бойында «дәрігер болсам» деген арман пайда болады. Саматтың бұл талабын анасы да құптады. Анасы Гуля Хасан­қызы да  бар саналы ғұмы­рын дәрігер­лікке арнаған жан еді. Айтып айтпай не керек, ол Алма­тыдағы медициналық академияда емдеу ісі мамандығы бойынша білім алып, дәрігер атанады.

Саматтың құдай қосқан қосағы Шолпан да мамандығы бойынша дерматолог дәрігер. Яғни бұл отбасы таза дәрігерлер отбасы екен­дігін барша жұрт жақсы біледі. 2006 жылы  қажылық парызын өтеп келген Самат Нұрға­лиұлы Алла жолына бет бұрады. Өмірдің мәні Жаратушы­ның шапағаты екенін жақсы түсінді. Ойын түзеп, тақуалыққа бет бұрған Самат медицинадан алған білімін жүзеге асыру мақсатында  Шығыс медицина­сындағы дәстүрлі  хиджама қан алу әдісіне көңіл бөліп, осы саланы тереңірек меңгеруге бар күшін салып, бар уақытын жұмсап келеді.

Шығыс-Тибет медицинасы 5 мың жылдан бері келе жатқан сала. Медицина саласын қазақ жерінде Әл-Фараби, Лұқпан Хакім, Өтей­бойдақ сынды ғалымдарымыз зерттеп, артына баға жетпес құндылықтар қалдырған. Қазіргі таңда Қазақстанда Шығыс-Тибет медицина орындарының ошақ­тары енді ғана қалыптасып келе жатыр. Ал негізінде дәрі­герлер хирург, терапевт, невропатолог, пе­диатрға да Шығыс-Тибет медицинасын мең­герсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. «Адам­затты табиғат емдейді. Дәрігер – табиғат­тың көмекшісі ғана» деген  Гиппократтың тұжы­рымы өзгеріп, классикалық медицинада химия­лық синтезделген дәрілер арқылы емдеу үлкен белең алып кетті. Классикалық медицинаға альтер­нативті гомеопатиялық медици­наны ойлап тапқан Самуэль Ганеман «Бүкіл фармацевтика табиғатта жатыр, жасанды дәрілерді ойлап табудың қажеті жоқ», – дейді. Бүгінгі таңның өзінде табиғи емді қоржынына жинаған халық медицина­сының құндылығы осында жатқан болар. Хиджама қан алдыру арқылы ағзаны түрлі аурулардан емдейтін емнің ежелден келе жатқан бір түрі болып табылады. Бұл емнің негізінде ағзаны арам қаннан тазартып, соның арқасында қан айналымы жүйесін қалыпқа келтіру жатыр.

Хиджама – көп уақыт бойы ұмыт болып, қазіргі кезде қайта жанданып келе жатқан аурудан құтылудың қарапайым әрі нәтижелі түрі. Адам ағзасын арам қаннан тазалау көптеген ауруларды емдеу­ге жол ашады. Себебі, қан – адам ағзасының басты элементтерінің бірі. Ол ағзадағы көптеген процес­терге қатысады: жасушаларға оттегі тасымалдау, гормондар мен қоректі заттарды тасымалдау және т.б. Қан адам денесіндегі жылу және су-тұз теңгерімін реттеу процестеріне қатысады. Аталған үрдістер қанның атқаратын қызметінің тек кішігірім бір бөлігі. Қан әрдайым қозғалыста болу керек. Көп жағдайда адам ағзасындағы қан толық циркуля­цияланбай, тамырлар мен артерия­лар бойымен барлық қанның тек жартысы қозғалып жатады. Қанның қалған бөлігі резервте сақталып, қан кету, гипоксия, интенсивті жұмыс және т.б. сияқты жедел жағдайларға жұмсалады. Қозға­лыссыз тұрған қан ескіре бастайды: өз қасиетін жоғалтады, ағзаға түскен зиян нәрселерді жинайды. Бұндай тұрып қалған қан кесірінен ағзадағы әр мүше өз жұмысын қажетті дәрежеде атқара алмайды.

Ағзада тұрып қалған арам қаннан құтылудың тәсілі – қан алдыру. Бұл ағзаға айтарлықтай пайда әкелетіні даусыз. Ағзаны қанның бір бөлігінен босатудың нәтижесінде оның ішкі резервін қалыпқа келтіру функциясы қосы­лып, ағзада жаңа қан бөліне бас­тайды. Жаңа қан ағзаны жаңартып, көптеген аурулардан емдейді.  Хиджама ағзаны дәрі қабылдамай, өзінің ішкі ресурс­тарымен емдейтін ем. Ол тубер­кулез, прос­татит, арқа ауруы, қалыпсыз қан қысымы, бас аурулары, иммунитеттің төмендеуі, тамыр­лардың тарылуы, мойын және иық аурулары, геморрой, бұлшықет аурулары, ревматизм, паралич, жүрек аурулары, буын аурулары және т.б. ауруларға шипа болып табылады.

Хиджама жасау кезінде адам бойындағы қан алмасу жақсарып, арам қандар сыртқа шығады, барлық жасушалары жаңарып, ағзаға оттегі мен нәрлі заттар тарайды. Көбінесе жұрт қан қысымынан арылу үшін хиджама жасатады. Қан қысымын реттеудің өзі оңай емес. Бұл орталықта науқастарды сүлікпен де, арамен де емдейді. Мұхаммед (с.ғ.с.) Раббың араға: «Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!», – деп нұсқады (Жаратылыс қабілет берді). «Сосын әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайлы (деп тапқан) жолына түс!» Араның қарын­дарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында, мұнда да зерделейтін қауым үшін ғибрат бар» («Нахл» сүресі, 68-69 аяттар) делінген. Араға шақты­рып емдеудің ерекшелігі – бал арасы­ның уында көптеген ферменттер мен амин қыш­қылдары бар. Адам ағзасына 24 амин қыш­қылы қажет болса, соның 18-і араның уында кездеседі. Яғни ағза тіршілігінің қызметі үшін аса қажетті. Ара уындағы қабынуға қарсы фер­менттер гормондық дәрінің әсерінен 100 есе күшті. Ауыр­сынуды басатын қасиетін айтсақ, бір ғана морфиннің өзінен 100 есе артық. Ісікке қарсы қасиеті бар, әдетте антибиотик дәріні қолдан­саң, ағзаның екінші бір зиянды микроорганизмдері сыр береді, ал ара уында олар жоқ. Яғни стрептококк, ста­филококк, ішек таяқшалары, іш сүзегі, тубер­кулез таяқшалары секілді, т.б. бакте­рияларға қарсы емдік қасиеті жоғары. Ара уының биологиялық белсенділік құрамы сыртқы жағдайлардан өзгере қоймайды. Сондықтан 10 күн бойы 100 градустық ыстықта ұста­са­ңыз да оның бактерияларға, қабынуларға қарсы емдік қасиеті сақталады. Суыққа тө­зімділігі де дәл солай. Уды бірнеше жыл бойы құрғақ түрде сақтаса да әсері өзгермейді. Ара уымен емдегенде ара өнімдерінің өзге түрлері қатар пайдаланылады. Орталықта сырқатқа ең алдымен УЗИ арқы­лы диагноз қойылып, кейін түбегейлі түрде ем жасалады. Сүліктер арнайы түрде Ресей мемлекетінен алынса, ал бал аралары Қазақстандыкі.

Бұл орталықта артрит, арт­роз, буын және жүрек ауру­ларының асқынған түрлеріне ем жасалады. Хиджама арқылы адамның барша иммунитет деңгейі толығымен көтеріледі, қан айналымы жақсарады. Жалпы медицинаны дамыту мақсатында Самат Нұрғалиұлы Малайзия, Ресей, Араб Әмірліктері елдерінің медицинасымен мұқият танысып, осы мемле­кеттердің тәжірибесін пайдаланады. Қазақ­стандағы хиджама терапия Самат Нұрғали­ұлының авторлық жеке бастамасы болып табылады. 12 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан хиджама орталығына көптеген адамдар келіп емделіп, дерттеріне шипа тапты. Әлеуметтік тұрмысы төмен адамдарға, мүге­дектерге, қарттар мен зейнеткерлерге хиджама орталығында тегін ем жасалады.

Дәурен МҰҚАНОВ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *