ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ МАМАНДЫҒЫНА САЙ ЖҰМЫС ҰСЫНАДЫ

Жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов АӘК алып отырған отбасының еңбекке жарамды мүшелеріне ыңғайлы әрі мамандығына қарай жұмыстар ұсынылатынын мәлімдеді.

Бұл туралы министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып өтті. Біржан Нұрымбетов; «АӘК бойынша негізгі өзгерістердің біріншісі – көпба­лалы жанұяларға бөлек жәрдемақы тағайындалды. Мұның себебі – АӘК алып жүрген отбасылардың басым бөлі­гінде балалар – көпбалалы жанұялар­дан. Сондықтан оларға АӘК-тің бір бөлігін бөлек жәрдемақы ретінде шыға­руды жөн көрдік. Бұл табысына қара­мастан төленетін жәрдемақы болады. Ол баланың санына қарай сараланып, мөлшері бекітіледі. Әрі ай сайын республикалық бюджеттен төленеді. Биыл бұл бағытта 177 млрд. теңге қарас­тырылды, – дей келе, жуырда 367 мың жанұяға осы жәрдемақы тағайындал­ғанын мәлім етті.

«Атаулы әлеуметтік көмек енді осы жылдан бастап тоқсан сайын таға­йындалып, төленетін болады. Осыған қарай жаңа жылдан бастап отбасы­лардан өтішін қабылдау үстіндеміз. Біз желтоқсан айында қараша айына тиісті АӘК-ті және желтоқсанға тиісті төлемді аудардық. Енді азаматтар қаңтар айында құжаттарын өткізіп, оларды ақпан айында ала бастайды. Бұл жерде тағы бір өзгеріс: егер АӘК алатын отбасында еңбекке жарамды адамдар болатын болса, біз оларды да жұмысқа тартамыз. Егер ол ұсынылған жұмыстан бас тартатын болса, өкінішке қарай бүкіл жанұяға берілетін АӘК тоқтаты­лады. Бұл жерде ескере кететін жәйт: мамандар кез-келген жұмысты ұсын­байды. Бізде жұмыспен қамтудың тәрті­бі бекітілген. Ол кісіге лайықты жұмыс ұсынылады. Оның мамандығы, қатынау жағынан тиімді жағы ескеріледі», – деп атап өтті министр.

 

Құттыбек АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *