Отбасы бақытын бағалағандар

Нұржамал  ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

«Отан – отбасынан басталады» де­сек, елімізде осы бір шағын отаны­ның шекара­сын нық күзетіп,  ұлты­ның өсіміне  үлес қосып, елге қыз­мет етер ұрпақ тәрбиелеп, бала­ларының бақытына бөленіп отырған отбасылар аз емес. Кеше  Алматы жұрты тағы да сондай бір топ отбасыларын жұртқа өнеге болар «Мерейлі отбасы» мәртебе­сіне ие болуларымен құттықтады.

Қала әкімдігінің ғимаратында өткен байқау жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев   отбасылық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, өздерінің  шаңырақтағы бақыт­тарын қала жұртымен бөліскен  шаңырақ иелерін  құттықтады. А.Қырықбаев өз сөзінде байқаудың  өткізіліп келе жатқа­нына бес жыл  толып отырғандығын., осы бес жыл ішінде Алматы қаласы өзінің жүздеген «Мерейлі отбасыларын» қала жұртына таныстырып, үлгі, өнеге ете білгенін атап өтті. Бүгінде Алматы қаласында көпбалалы отбасылар­дың саны артып, өңірлеріне «Алтын», «Күміс» алқа таққан  аналар санының көбейіп келе жатқандығына айырықша тоқталды. Алматы қаласында қазіргі кезде  1600 «Алтын алқалы», 2000  «Күміс» алқалы аналар бар екен.  Бұдан соң  Алматының «Құрметті азаматы», Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз Аягүл Миразова сөз алып, «Мерейлі отбасы» атанған шаңырақ иелерін мерейлі мәртебелерімен құттықтап, оларды талай тарихи оқиғалардың куәгері болған   шаңырақтың төріне шақырды. Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық  кезеңіне  131 отбасы қатысса, олардың арасынан 16-сы ғана жеңімпаз танылып, қалалық байқауға қатысуға үміткер болған. Ал қалалық байқауда екі отбасы –  Жанқозовтар мен Иманәлиевтер  қалалық байқаудың жеңімпазы атанып, биылғы жылы  «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының бес жылдық мерей­тойына орай өткізілетін республикалық байқауда Алматы қаласының  «Мерейлі отбасы­ларының» абыройын қорғайтын болады. Аудандық байқауда озық шық­қандар қатарында Алмалы ауданының  «Мерейлі отбасы» атанған    Аманкелді Күлім­бетов­тің,  алатаулық Шалабаевтар, Әуезов ауданының мерейін арттырған  Малғаж­даровтар,  Түрксіб ауданының  «Мерейлі отбасы» атанған ұшқыштар әулеті Василь­ковтардың шаңырағы бар.   Байқаудың жеңімпазы атанған отбасыларға   қала әкімдігінің «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы  деген  арнайы дипломы табыс етіліп,  плазмалық теледидар сыйға тартылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *