ОТБАСЫҢ – АЛТЫН БЕСIГIҢ, МЕКТЕП – АЛТЫН ҰЯҢ

19.3Республика көлемiнде жыл сайын өтiп келе жатқан «Мек­тепке жол» акциясына Жетiсу ауданындағы №177 жалпы бiлiм беретiн мектеп ша­ңырағы да бел­сендiлiкпен қаты­сып, «Болашақты бiрге жасаймыз» атты қайырым­дылық марафонын ұйымдастыр­ған едi. Ата-бабамыз «Жетiм көр­сең, жебей жүр» деп қа­шанда жоқ-жiтiкке көмегiн көрсетсе, сол үрдiс бүгiн де жалғасын тауып отыр.

Мектептiң мұғалiмдерi мен ата-аналары да қамқорлық акция­сына қатысып, әлеуметтiк жағ­дайы төмен, жартылай жетiм отба­сы балаларына мектепке қажеттi киiмдер мен құрал-жабдықтар алып бердi. Елiмiзде осындай жаны жомарт ағаларымыз бен апайларымыз көп болса, елiмiздiң де гүлдене берерi сөзсiз. Мiне, «Жақсылықты балаға жаса» деген осы. Олардың жүздерi бал-бұл жай­нап, қуанышқа кенелдi. Ба­лалық жүректерi пәк, болашақта үлкен аза­мат болып, апайлары және ағала­рындай кiшiлерге жақ­сылық жасар деген ойдамыз.

 

Гүлназ ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close