ОТАНЫН АРДАҚ ТҰТҚАН БҮЛДІРШІНДЕР

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан­ның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталық­тарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балалар­ды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалім­нің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы», – деген еді.

Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақ­стандық патриотизм болды. Осы орайда, Елбасы Н.Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты №73 бөбекжай-балабақшасында балаларға патриоттық тәрбие бере отырып, ұлттық тілімізді  жүйелі меңгерту, ұлтжан­дылық сезімді қалыптастыру, рухани адамгершілік пен көркемдік дамуды жетілдіру мақсатында  «Отанын ардақ тұтқан бүлдіршіндер» атты байқау өткізілді.

Іс-шараға  «Айгөйлек», «Солнышко»  ортаңғы топтары  және  «Сказка» ересектер тобы қатыстырылды. Байқауға   балабақша меңгерушісі Баян Байкенова бастаған әділқазы  алқасы төрелік жасады.

Байқаудың бірінші аталымында  «Отан», «Туған жер» тақырыбында өлеңдер оқылса, екінші аталымда  «Кім көп біледі?» тақырыбында мақал-мәтелдерден  сайыс өткізілді. «Отан – отбасынан басталады» демекші, ата-анасының бойына сіңірген тәлімімен, балабақшадағы тәрбиесі мен білімін ұштастыра  отырып, орыстілді  балабақшаның  тәрбиелену­шілері өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойын­ша бас жүлдені  Икрам Мамедов қанжығасына байлады. І-орын Кира Куратова, Айлин Хаби, Ангелина Зубкова, Ислана Азаматқызы және Дания Айтбековаға бұйырса, ІІ-орынды Бақнұр Қуанышбек, Ульяна Кравцова, Данел Талғат­қызы, Айзере Рахат еншіледі. ІІІ-орынға Марғұлан Нұрлан, Има Ахмет Ерахмет, Матвей Будаков, Сұлтан Масалим, Эсмира Злавдинова ие болды. Байқауға белсене қатысқаны үшін Іңкәр Аманжолова, Диар Қыдырғали, Айнұр Құса­йынова, Вика Гресько, Раушан  Жексенбай арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Іс-шара соңында қуаныштан жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер «Атамекен» әнін айтып, мәре-сәре болып тарады.

Б.НАСЫРОВА,

Түрксіб ауданы № 73 бөбекжай-

балабақшасының әдіскері.

 С.САРЖЕЗДЕНОВА,

қазақ тілі пәнінің оқытушысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *