Отанның алтын дiңгегi

Рая ЕСКЕНДIР

Алатау ауданындағы №179 жалпы бiлiм беретiн мектепте Отба­сы күнi мерекесiне орай «От­басылық құндылық» деп аталатын аудандық конференция өттi.

Ашылғанына небәрi тоғыз ай уақыт болған бiлiм ұясында ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық­тар да баршылық. Осы уақыт iшiнде қала көлемiнде өтiп жат­қан барлық iс-шараның бел орта­сынан табылатын мектеп оқушы­лары оқу жылының алғашқы жиынына да белсендiлiкпен қатысты.

Алғашқы сөз кезегiн алған Алатау ауданының әкiмi Бағдат Мәнiзоров өткiзiлiп отырған Отбасы күнi мерекесiнiң маңыз­дылығына тоқтала келе, өскелең ұрпаққа тәрбие беруде ең алды­мен отбасының, ана мен әке рөлiнiң маңызы мен жауапкер­шiлiгiн нығайту қажет екендiгiн қадап айтты. Осыдан соң сөз кезегiн ардагер  ұстаз, Бiлiм беру iсiнiң үздiгi, үлгiлi отбасының отағасы Сағынбек Әшiрбеков алып, «Бала тәрбиесiндегi әкенiң рөлi», «Ел бiрлiгi» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы Шолпан Ризабекова «Отбасылық құндылық» деп аталатын баяндамаларын оқыды.

Жаңа мектепте әкелер мен аналар кеңесi құрылған осы жиын үстiнде аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң басшысы Көңiлiмқош Аманқұлов оның мүшелерiн көпшiлiкке таныстырып өттi.

Жылы шырайлы жүздесудiң соңында №1 Оқушылар үйiнiң өнер­паз оқушылары, Парижде өткен байқаудың жеңiмпазы Зия­долла Халназаров әннен шашу шашты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *