ОТАНДЫҚ ТӘТТІ ӨНІМ ҮЗДІК АТАНДЫ

«Шин-Лайн» компаниясы «FoodExpo Qazaqstan 2019 үздік өнімі» байқауының «Балмұздақ» санатында жеңімпаз атанды

Шин-Лайн компаниясының өнімі «FoodExpo Qazaqstan 2019 үздік өнімі» сусындар мен азық-түліктің тәуелсіз кәсіби дәмін сынау байқауының «Балмұздақ» санатында жеңімпаз деп танылды.

Шара дәстүрлі түрде «FoodExpo Qazaqstan–2019» Ор­та­лық Азия халық­аралық көрмесі аясында өтті. «Шин-Лайн» ком­паниясы байқауға «Бомба», қара рожок, «Мишка на полюсе» шоко­ладты майқоспалы печенье­дегі пломбирден жасалған үлкен сэндвич және осы маусымның жаңалығы саналатын «Бахрома» екі қабатты fondant трюфель-қызыл апельсин өнімдерімен қатысты.

Өнімдердің сапасына және органолеп­тикалық қасиеттеріне сараптамалық баға­лауды Қазақ­стан Азық-түлік академия­сының төрағалық етуімен тәуелсіз сарап­тау комиссиясы жүргізді.

– Біз осы ретте кәсіби маман­дардың пікірі біздің көптеген тұтынушылары­мыздың пікірімен сәйкес келгеніне қуаныштымыз, олар күнделікті «Шин-Лайн» балмұздағы үшін дауыс беріп, бүкіл ел бойынша және шет елдерде де біздің суық тәттіле­рімізді белсенді түрде сатып алуда. Бірегей өндіріс технологиясы бар жоғары сапалы жаңа өнімдерді әзірлеуге инвестициялар бізге тұтынушылардың жүрегіне жол табуға мүмкіндік берді дей тұра, біз қол жеткізген жетіс­тік­терімізді тоқтатпаймыз. Біздің жоспары­мызда жаңа биіктерді бағын­дыру, жаңа нарықтарға шығу, балмұздақтың жаңа қызықты және ерекше дәмі, сондай-ақ, өнімді жылжытуға батыл және тосын амалдар бар», – деп атап өтті «Шин-Лайн» ЖШС Бас директоры Владимир Пак.

Бүгінгі күні «Шин-Лайн» Қазақстан­дағы республиканың барлық аймақтарында жұмыс істейтін балмұздақ шығаратын жалғыз өндіруші болып табылады. Соңғы жылдары компания қазақ­стандық балмұз­дақ экспортын тұрақты дамытуда. Осы маусымда «Шин-Лайн» балмұзда­ғының экспорты ақшалай көріністе 2,23 есеге артты. Ал компания түсі­мінің құрылы­мын­дағы экспорт үлесі 7%-дан 12%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, маусымның қорытын­дысы бойынша компания «Шин-Лайн» бал­мұз­дағы сатылымының өсімін көрсетті – 20% табиғи және 30% ақшалай түрінде.

FoodExpo Qazaqstan 2019 көрмесіне 32 елдің өндірушілері қатысты. 10 ел тамақ, сусын және технология өндірушілерінің бірлескен ұлттық көрмелерін ұйым­дастырды, олардың ішінде Беларусь, Германия, Индия, Индонезия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея бар.

 

Нұр ҚАЙЫР.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *