ОТАНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ШЕБЕРI

ТІЛ  —  ТҰҒЫРЫҢ

Елiмiз Тәуелсiздiгiнiң басты тарихи көрiнiстерiнiң бiрi – бiлiм беру саласындағы қазақ тiлiндегi төл оқулықтардың шығарылуы бол­ды. Орта бiлiм беру саласында оқу­лықтар дайындауда қол жет­кен жетiстiктерге сүйене отырып, әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде өз орны бар оқулықтар мен оқу- әдiстемелiк кешендерiн дайындау­дың басында Немеребай Нұрах­метов тұрды. Сол кезде Ы.Алтын­сарин атындағы Бiлiм пробле­малары институтының ұжымын iскерлiкпен басқарып, әр адамның тұлғалық ерекшелiктерiне қарай қабiлеттерiнiң көрiнуiне, ғылыми- зерттеу саласында толысуына жағдай жасады.

Қазақстан Республикасы Үкi­метiнiң 1996 жылғы 26 қыркүйекте қабылдаған «Қазақстан Республи­ка­сының жалпы бiлiм беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн да­йындаудың және басып шыға­рудың мақсатты бағдарламасы туралы»№1173 қаулысын дайын­дап, оны жүзеге асыру жөнiндегi шараларының жоспарын әзiрледi. Сонымен қатар, конкурстық негiз­де жалпы бiлiм беретiн мек­тептер үшiн басылып шығары­латын оқулықтар мен оқу-әдiсте­мелiк әдебиеттерге iрiктеу жүргiзу жұмыстарына басшылық еттi.

Бұрын одақта дайындалып, республикаларда нұсқау арқылы ғана жүргiзiлген бiлiм берудегi бұл соны тапсырманы iске асыру —бiзден үлкен жауапкершiлiктi, iзденiстi талап еттi.

Қазақ тарихындағы бар оқу­лықтар мен әдiстемелiк құралдарға талдау жасалып, көзi тiрi автор­лармен оқулық жазуға қойылатын талаптар туралы көптеген кезде­сулер, дөңгелек үстелдер, пiкiрта­ластар өткiзiлдi.

Институт ұжымы бiлiм беру­дегi стандарттар, олардың атқа­ратын қызметi мен мазмұнын қам­титын бөлiктерi және саты­лары, т.б. туралы жиi семинарлар мен конференциялар өткiзу ар­қылы және бiрiнен-бiрi үйрендi. Сол кезге дейiн мектеп оқушыларына арна­лып дайындалмаған еңбек, ән, денешынықтыру пәндерiнен оқу­лықтар жазылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң химия және химиялық технологиялар факультетiнiң профессоры, химия ғылымдарының докторы Неме­ребай Нұрахметовтың бiлiм беру саласындағы бай тәжiрибесi мен ғылыми-зерттеу саласындағы ең­бек­терiнiң егемен елiмiздiң индус­триалды-инновациялық дамуын­дағы мәнi зор.

Қазiргi таңда 12 жылдық мектепке оқулықтар дайындау, химия және химиялық техноло­гиялар саласындағы қазақ тiлiн­дегi терминдер дайындады. Ол төрт тiлде жарық көрген орта мектеп үшiн 6 оқулықтың, жоғары оқу орындары үшiн 4  оқулықтың, 71 – оқу құралының, 350 – мақа­лалардың авторы.

Көптеген зерттеушiлердiң, аспиранттар мен iзденушiлердiң ғылыми атақ қорғауларына жағ­дай жасап, басшылық көрсеттi.

Тәуелсiздiктiң тұғыры бiлiмдi, бiлiктi, iскер азаматтардың ел игiлi­гiне сiңiрген еңбектерiмен тiкелей байланысты. Егемендiк туғызған елiмiздегi әлеуметтiк, экономикалық, саяси, рухани институттар жұмысының ел игi­лiгiне қызмет етуi осы салаларды басқарған, басқаратын мамандар­дың әлеуетiне, тұлғалық сапала­рына байланысты. Мiне, осындай жауапкершiлiгi ерекше рухани институттың негiзiн қалайтын күрделi жұмыстың iргетасын қалауда Н.Нұрахметовтың қолтаң­басы тұр.1991 жылдан бастау алған бiлiм беру саласындағы ре­формалар қарқынды даму үстiнде.

Немеребай Нұрахметұлы! Мерейлi мерекеңiзбен құттықтай отырып, ел игiлiгiне еткен еңбегiңiз жарқырай берсiн деген тiлек бiлдi­ремiн.

Н. IРГЕБАЕВА,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

университетi, магистратура және докторантура

 институтының доцентi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *