«Отан отбасынан басталады»

1800ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер Қалдыбай Мадибраимовпен сұхбат

– Қазақстанның ең жоғарғы заң шығару­шы органы, мемлекеттің сайланбалы билігі ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміт­кер болып отырсыз. Жалпы, Қазақ­стандағы заң шығарушы билік пен сайлау жүйесі жайындағы пікіріңізді білсек.

– Біріншіден, мен Қазақстанның жоғарғы билік органы ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа үміткер болып бірінші рет түсіп отырмын. Қазақстан азаматы, өз елінде туып-өскен, білім алып, еңбек етіп жүрген өз топырағында тамыр жайған, елдің толық­қанды азаматы ретінде өзімнің конститу­циялық құқымды пайдаланып, сайлауға түсуге шешім қабылдадым. Бұған дейін сайлауға түсіп көрмегенмін.

Жалпы, Қазақстандағы сайлау, сайлан­балы органдар жүйесі елдің Ата Заңына сәйкес қалыптасып үлгерді деп есептеймін. Мысалы, менің өзім түсіп отырған елдің ең жоғарғы органы – Сенатқа депутат сайлау науқанын алайық.

Мен Алматы қаласынан сайланатын Сенат депутаты орнынан үміткер бірнеше кандидаттың бірімін. Жалпы бұл орынға елдің ұсынғаны бар, өзін-өзі ұсынушы бар, он­шақты адам түскен. Заң шең­беріндегі іріктеу­ден соң үш кандидат қалып отырмыз. Тір­келген кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып, сайлау­шы­ларды өз бағдарла­маларымызбен таныс­тырып отыр­мыз. Орталық сайлау комиссия­сының қаулысына сәйкес сайлауалды жұмыс­тары­мызға БАҚ-тағы үгіт насихаттан бастап, жол жүру шығынымызға дейін қар­жы қарасты­рылған. Осының барлығы біздің елде сайлау жүйесінің жолға қойылғандығы деп есеп­теймін.

Ал енді Жоғарғы орган – Сенат депутат­ты­ғына неге ұсынылып отырмын дегенге келсек, мен мамандығым бойынша әлеумет­тік сала – денсаулық сақтауда қызмет атқарып жүрмін. Өз Отанымызда алған білімнің арқасында кәсіби, адал еңбекпен бас дәрі­герлік қызметке дейін көтеріліп отыр­мын. Ондаған жылдар еңбектің нәтижесінде әлеу­меттік саланы жақсы білемін деп айта ала­мын. Сондықтан да депутат болып сайланған жағдайда мемлекет­тің жоғарғы заң шығару саласында, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайына байланысты, басқа да қабыл­данатын заңнамаларға атсалыссам деп едім.

– Өзі үлкен әулеттен шығып, отбасын құрып, өз жанұясының, бала-шағаның жағ­дайын жасай алмаған адам Отанның, жалпы халықтың жағдайын ойлайды деу бекершілік. Сіз осы тұрғыда не айтасыз?

– Дұрыс айтасыз. Отан отбасынан басталады. Өз отбасының берекесін келтіре алмаған азамат халықтың қамын ойлап, Отан туралы әңгіме айтпаса да болады. Ол елдің азаматы болып қалыптаспаған кісі.

Жалпы, бір мамандықтың немесе бір ұжымның атынан әңгіме айту үшін сол ма­мандықтың шыңына жеткен және сол ұжым­ның қамын ойлаған басшысы болуың керек. Осы тұрғыдан алғанда мен «сүйікті қа­ламыз Алматыда дәрігер мамандығын алып, осы саладағы еңбек жолынан да оңтүс­тік астанада өткен жанмын. Жұбайым Егем­құлова Зей­нептің де мамандығы дәрігер. Медициналық білім беру саласында қызмет етеді.

Үлкеніміз Марат ҚазМУ-ді бітірген, банк саласында жұмыс істейді. Үлкен қызымыз болса, мектепті алтын белгімен, универ­ситетті қызыл дипломмен бітіріп, «Болашақ» бағдарламасымен Америкада оқып келген. Қазір аудит саласында еңбек етеді. Кіші қызымыз Астанада Назарбаев университе­тінің студенті. Бұл отбасылық жағдайымды не үшін айтып отырмын. Жоғарыда айтып кеткенімдей, осындай отбасын құрып, жеткіз­гендіктен, емхана ұжымын басқарып отыр­ғандықтан, ендігі жерде ел атынан сөйлеп, сол елдің жағдайы үшін жоғарғы деңгейде жұмыс жасауға тиіспін деп ойлаймын.

Сенат депутаттығына сайланған жағдайда әлеуметтік сала бойынша аянбай еңбек етер едім.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Мадибраимов Қалдыбай Махатайұлы

Мадибраимов Қалдыбай Махатайұлы 30.04.1958 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шетбұлақ елді-мекенінде дүниеге келген. 1975 жылы Жамбыл облысы Жамбыл аудандық Асы ауылының орта мектебін бітірді. 1982 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтын тәмәмдап, дәрігер-педиатр мамандығын алды. Медицина ғылымдарының докторы. 2009 жылы «Шапағат» медалімен марапатталды. Еңбек жолын интернатурада білім ала жүріп, Жамбыл облыстық балалар емханасының хирургия бөлімінен бастады. Қазіргі таңда 2006 жылдан бастап Алматы қаласы «ҰОС ардагерлері емханасында» қызмет атқарады, емхананың Бас дәрігері 30-дан астам қазақ және орыс тіліндегі урологиялық ауруларды профилактикалық, диагностикалық емдеудегі талдау және тәжірибе алмасу жөніндегі ғылыми мақалалар және монографиялар авторы.

 

Егер мен депутат болсам…

Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу мақсатында және алматылықтардың өзекті мәселелерін шешу жолдарын іздестіре отырып, мен алдыма төмендегідей мақсаттар қойдым.

* Тұрғындардың әлеуметтік аз қорғалған тобы – мүгедектерге, егде жастағыларға, әлеуметтік әлсіз және көпбалалы отбасыларға, оқушылар мен студенттерге, бюджет саласының қызметкерлеріне аса көңіл бөлу.

ҰОС ардагерлері мен соларға теңестірілгендер, зейнеткерлер үшін әлеуметтік қорғауды жақсарту үшін арнайы бағдарлама жасалу қажет деп есептеймін. Бұл мақсатта төмендегідей шаралар қолға алынады.

* Мәдени-демалыс шараларын, сауықтандыру, қалпына келтіру жұмыстарын өткізуге егде адамдар үшін мәдени орталықтар ұйымдастыру.

* Ардагерлер отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсету.

* Медициналық қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту.

* ҰОС және еңбек ардагерлеріне, ауған соғысына қатысушыларға адрестік көмек беру жүйесін жетілдіру.

Менің күш-жігерім аға буынның әлеуметтік қорғалуының тиімді жүйесін қалыптастырып, кепілді әлеуметтік сақтандырылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Міндетті әлеуметтік сақтандыру мен азаматтардың ерікті жинақ қаржыларын осы мақсатқа бағыттау.

Ардагерлер үйлерін салып, оларға әлеуметтік қолдау, сапалы медициналық көмек көрсету.

Қарттарға лайықты өмір жағдайы жасалсын! 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close