Қосылды міне, қос жүрек

Бүгін шаңыраѕымыздың қарлығашы Жаңылай өзінің мәңгілік ұясының табалдырығын аттап,  Жаратқан  та­быстырған жары Данияр екеуі үйлену тойларын жасап, отауларының уығын көтермек. Біз екі жасты осы қуанышты күндерімен шын жүректен құттық­таймыз!

Тіршілік деген үлкен майдан болса, ал өмір қысы, көктемі, жазы, күзі бар жыл мезгілдері сияқты. Тљрлі жағдайлар кездесуі мүмкін. Бірақ сол мезгілдердің Жаратқан сендерге тек көктемі мен жазын сыйласын. Босағаларың берік, шаңырақтарың биік болсын деп тілейміз. Бақтарың ашылсын. Данияр біз саған қызымыздың тағдырын табыстап отырмыз,  қызымызды ешқашан мұңайтпа. Егер анасы Рахима тірі болғанда бүгін маңдайларыңнан сүйіп, бақыт пен бақ тілер еді.  Әйтсе де,  Жаңылайының  теңін тауып,  бір басының екеу болып жатқанын рухымен сезіп, тілекші болып жатқан шығар. Ана рухы желеп-жебеп жүрсін сендерді. Жақсы күндер мен қуанышты сәттерің көп болсын. Төрлеріңе қашан да бақ пен дәулет, ынтымақ пен бірлік қонақтап,  жан байлығымен мақтанар  үлкен әулет болыңдар! Қайда жүрсеңдер де сендерге тек Бақыт қана есігін ашсын!

 

Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,

Екі жүрек ұғынысты, табысты.

Тілейікші аппақ арман – ағысты,

Тұлпарға тән озып шығар шабысты.

Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп,

Кел ағайын жақсы тілек етелік.

 

Үйленгендер – алтын сарай салғандар,

Балалығы естелікке қалғандар!

Қалады енді балалық шақ ертек боп,

Кел ағайын, шаттық тойға ортақ боп.

Екі жұбай – қатар тұрған періште,

Бірге ұшсын бақ балалық өмірде.

 

 Ізгі тілекпен: ата-анасы Қасымхан – Мейіргүл, бауырлары – Мұхтар,

Мақпал – Мұхтар, Меруерт –

Нұрдәулет, Тоқтар. 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *