ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Осыдан 10 жыл бұрын А.Есімов бастаған «Алматыны энергетикалық қайта жарақтандыру»бағдарламасын «Самұрық-Энерго» холдингі аяқтады

Жуырда Алматыда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің басшылығымен жабық пішіндегі жаңа «Түрксіб» қосалқы станциясы іске қосылды. Жаңа энергия нысанының іске қосылуы 2008 жылы басталған Алматы қаласын электрмен орнықты жабдықтау бағдарламасын толық аяқтауға мүмкіндік берді.

«Түрксіб» қосалқы станциясы тран­сформаторлық қуатты 30 МВА-ға арттырады және Түрксіб ауданының орталық бөлігін, сондай-ақ, «Қолже­тімді баспана» бағдарламасы аясында салынған «Жас қанат» жаңа шағын­ауданын, «Алматы агломерациясының 2030 жылға дейінгі өңіраралық схемасы» бағдарламасы бойынша қалаға қосылған «Қайрат» шағын ауданының негізгі бөлігін электрмен қамтамасыз етеді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов еліміздің ең ірі мегаполисін энергиямен үзіліссіз қамтамасыз ету мәселесіне үлкен мән берілетінін, ендігі жалғыз міндет осы қуат көздерін дұрыс пайда­лану екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы осыдан он жыл бұрын алға қойған міндеттердің бірі – Алматы қаласын электрмен орнықты жабдықтау болатын. Бүгін қосалқы станция іске қосылып, бұл мәселе толық шешілді.  Ендігі міндет – осы қуат көздерін дұрыс пайдалану. Өйткені, жұмсалған 20 млрд. теңгеден астам қаражат тиімді жұмыс істеуі керек, – деді А.Есімов.

Өзінің саны жағынан 33-қосалқы станция іске қосылғаннан кейін, Алматы қаласының шегінде энергиямен жабдықтау картасы  толығымен «жасыл түске» боялатынын атап өтейік, бұл қала аумағында электр энергиясының толық қолжетімді екенін білдіреді.

– Естеріңізде болар, осыдан он жыл бұрын жарықты кезек-кезегімен, авария­лық түрде сөндіріп, электрмен орнықты жабдықтай алмайтынбыз, бұл қаланың және бизнестің дамуына кедергі келтіріп, халықтың әлеуметтік жағдайына әсер ететін, – деп атап өтті А.Есімов.

Сондай-ақ, Ахметжан Есімов Алма­ты қаласына жұмыс сапары барысында қаладағы энергетикалық кешеннің орнық­­ты дамуы үшін үлкен маңызға ие «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ның энергия нысандарында болды. А.Есімов жүктемені ПС-220/110/10 кВ №131А «Таулы қырат» қосалқы станциясынан ПС-220/110/10-10 кВ №160А «Ерменсай» қосалқы станциясына ауыстыру жұ­мыс­­тарымен танысты. Бұл жоба «Таулы қырат» қосалқы станциясы орналасқан аумақта лай көшкіні болған жағдайда, қосалқы станцияның қирап, салдарынан тұтыну­шы­лардың жаппай жарықсыз қалу қаупі туындайтынына байланысты іске асырылуда. Апатты жағдайларды бол­дырмау мақсатында жүктемені «Гор­ный гигант» шағын станциясынан «Ермен­сай» қосалқы станциясына ауыс­тыру туралы шешім қабылданғанын айта кетейік.

2011 жылы «Ерменсай» қосалқы стан­циясының іске қосылуы Алматы қаласында «Қысқы Азиада – 2011» ойындарының өткізілуіне орайласты­рылған болатын. Жүктемелерді ауысты­ру жобасын аяқтау 2018 жылға жоспар­ланған, содан кейін «Таулы қырат» қосал­қы станциясы жойылады.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табыла­тын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы­мен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыр­туға қолдау көрсету.

«Самұрық-Қазына» өз миссиясын қор­жындық компаниялардың ұзақ мерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ, ұлттық экономиканың басым секторла­рының дамуына каталитикалық инвести­ция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67,4 млрд.-ты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнер­кәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энер­гетика, машина құрастыру және жылжы­майтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның

Қоғаммен байланыс және

маркетингтік коммуникациялар департаменті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *