ҚОС САЛАНЫ ҚАТАР МЕҢГЕРГЕН

Алматы қаласы әкімдігінің қызметкері Азия ойындарында қола медальға ие болды

Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкері Ризат МАҚАШЕВ Джакарта мен Полембанг (Индонезия) қалаларында өткен XVІІІ жазғы Азиадада джиу-джитсу жекпе-жегінен қола медаль жеңіп алды.

Ризат үш жылдан бері Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қызмет атқарып келеді. Ол мемлекеттік қызметте жүріп, тәртіп пен уақытты талап ететін жаттығулардан қалмай, кешкі уақытта «Checkmat Kazakhstan» клубында жеке бапкері, қара белбеу иегері Бек Әли Ержанның қол астында жаттықты.

Азиадада үшінші орын үшін болған кездесуде өзбекстандық Илхом Джуроев­тан ұтылып жатып, жігер танытып барын салды. Нәтижесінде Ризат қарсыласынан басым түсіп, 94 келі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетер жәйт, бұл Ризаттың алғашқы медалі емес. Ол 2014 жылы Абу-Дабида өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ, Қазақстан чемпио­наты мен өзге де халықаралық турнир­лердің жеңімпаз, жүлдегері.

Мемлекеттік қызмет пен спортты қатар игерген Алматы әкімдігінің өкілі өзгелерге үлгі боларлықтай.

 

Нұр ҚАЙЫР.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *