ҚОС КОМПОЗИТОРҒА АРНАЛҒАН КЕШ

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында музыка әлемінде өшпес із қалдырған Бақытжан Байқадамов пен Сянь Синхай тәрізді талантты композиторларды еске алу кеші болып өтті. Ізгі шараны Алматы қаласы әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының Алматыдағы елшілігі ұйымдастырды. Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев пен Қытай Халық Республикасының Алматыдағы елшілігінің өкілдері қатысты.

Балнұр АХМЕТ

 

Сұлу сазға толы концертте үздік музыкалық ұжымдар мен әртістер өнер көрсетті. Атап айтқанда, Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капел­ласы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория­сының оркестрі көрер­мендердің қошеметіне бөленді. Кеш қонақ­тары концертте қазақ және қытай композиторларының музы­калық шығармаларын ыстық ықыласпен тыңдады. Сахна төрінде өнер­паздар Бақытжан Байқа­дамовтың «Жариям айдай», «Он алты қыз», «Бұлбұл құсым», Сянь Синхайдың «Настал февраль», «Кантата о Желтой реке» атты туындыларын тыңдар­мандарға тарту етті.

Айта кетерлігі, өнерсүйер қауым әсем әннен рухани ләззат алып қана қоймай, филармония фойесінде көрнекті қос компози­тордың өнегелі өмірі мен шығар­машылығынан сыр шертетін көрмені де қызыға тама­шалады. Көрмеге қойылған әрбір сурет талантты қос композиторды рухани байланыстырған достық қарым-қатынасының шырайлы шежіресі іспетті.

Бақытжан Байқадамов пен Сянь Синхай тағдырдың жазуы­мен өткен ғасырдың қырқыншы жылдарындағы Екінші дүние­жүзілік соғысы кезінде танысқан. Сянь Синхай өзінің Отанына орала алмай, Алматыға келген. Жалғыз өзі қалған сол бір қиын-қыстау кезеңде белгілі қазақ композиторы Бақытжан Байқа­дамов­пен таныс­қаны оның өмірінің жарқын сәт­терінің бірі болған. Байқадамовтар отбасы қиын-қыстау кезеңді бастан өткізуге оған көмек қолын созған. Көрнекті композитор­лардың арасын­дағы достық қарым-қатынас ұзақ жылдарға ұласқан. Композитор­лардың жүрегін жы­лытқан достық қарым-қатынасы олардың шығарма­шы­лығында да айқын көрініс тапқан. Сянь Син­хай Қазақстанда жүргенде «Свя­щенная война», «Кровь от ярости в сердце клокочет», «Народ­ное освобождение» атты симфония­лары мен «Амангелді» симфония­лық поэмасын дүниеге әкелген.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *