Қос алтын қанжығасында

Жүзу

Алматының «Балық баласы» Дмитрий Баландин халықаралық турнирде екі алтын жүлде иеленді

Словения елінде жүзуден ірі халықаралық турнир өтті. Әлем Кубогі мен Олимпиада ойындарына іріктеу жарысы болып табылатын турнирге Қазақстан құрамасы да қатысты. Халықаралық жарыстың нағыз «жұлдызы» алматылық спортшы Дмитрий Баландин болды. Олимпиада чемпионы 50 және 200 метрлік қашықтықтарда қатысушылардың бәрін артқа тастап, қос алтынды қанжығаға байлады.

 Нұрлан СҮЙІН

Бұдан өзге, Қазақстан қоржынында 11 медаль бар екен.

Алматының тумасы Дима Баландин 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарда чемпион атанып, «айды аспанға бір-ақ шығарған» болатын.

Алматының «Балық баласы»  Дима Баландин:

– Универсиада ойындары жеңімпазы (2015);

– Азияда ойындарының үш дүркін жеңімпазы (2014);

– Үш қашықтықта Қазақстан рекордшысы;

– ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Д.Баландин 1995 жылы 4 сәуірде Алматыда дүниеге келген.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *