ОРЫНДЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ

Сәбит ОРАЗБАЙ, Қазақстанның халық әртісі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

– Қазақ қашаннан батыр халық. Ол бұл ерекше қасиетін кешегі Ұлы Отан соғысында бүкіл әлемге дәлелдеді. Ер жігіттерді былай қойғанда, жүздеген қыздарымыздың соғысқа өздері сұранып аттанғанына, қан майданда ғажайып ерлі үлгісін танытқанына тарих куә. Талай сұрапыл шақтарды басынан өткерген қазекең қай кезде де ұйымдасып, жұмылып шыға келген.
Ақпарат құралдарынан естіп жатырмын мынау аты жоқ індет келгелі қарбалас басталды. Ел басына күн туды деген осы емес пе? Таңертеңнен кешке дейін бөлменің ішінде, теледидардың алдында сарылып отыру – кімге оңай дейсің.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру туралы Жарлығы дер кезінде қабылданған шешім болды. Атпалдай жігіттер қазір жұмыссыз, үйлеріне симай жүр. Олар төтенше жағдай кезінде, қиын сәтте жұмыссыз үйде отырғанша, Отанымызға қызмет етсе, нұр үстіне нұр емес пе? Қазірдің өзінде жауынгер халықтың ұрпақтары әкімдіктер жанындағы әскери қызметтерге телефон шалып, қызмет көрсетуге әзқір екендігін жеткізіп жатқан көрінеді. Бұл қуанарлық жағдай.
Әскери жиындарға шақыру – әрбір азаматтың қасиетті конституциялық борышы, әскери міндеті. Бұл осындай қиын сәтте әрбір азамат осы борыштарын іс жүзінде дәлелдегені абзал.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *