Орталық саябақты қалпына келтiруге бiр апта уақыт берiлдi

67-68-4786-2Бүгiн Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов демалыс маусымының ашылуына орай Орталық саябақтың жұмысымен танысты. Сапар барысында қала басшысы саябақты жалға алған «Алтын Тараз» компаниясының жұмысын қатаң сынға алды.

– Жұмысты қалыпқа келтiру және оны дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасау үшiн бiр апта уақыт беремiн. Осы уақыт аралығында тиiстi деңгейде нәтиже көрсетпесеңiздер, бұл жұмысты басқа компанияның құзырына тапсырамын. Ниет бiлдiргендер көп, – дедi қала әкiмi А.Есiмов.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұл саябақ — қаладағы ең iрi демалыс орындарының бiрi. Бүгiнгi таңда мұнда 38 аттракцион, 200 орынды кинотеатр, сыйымдылығы 3500 адамдық аквапарк және екi жүзу бассейнi бар. Болашақта «Дельфинария» құрылысын салу да жоспарланған.

Қала әкiмi шетелдiк мамандардың қатысуымен жасалған Алматы хайуанаттар бағының тұжырымдамасын мақұлдады. Осы концепция барысында ветеринарлық жұмыс дамып, геозонирлеу, аңдар коллекциясы, вольерлердi жаңарту және басқа да жұмыстар мықтап қолға алынатын болады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close