Орталық саябақ қайта жаңарады

 

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

Шаһар басшысы Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Орталық мәдениет және демалыс саябағына барды. Басқарушы  компания 1,6 млрд. теңге жеке инвестиция бөлінген реконструкцияның кешенді жоспарымен таныстырды.

Жоспарға сай жаңарған саябақ бірне­ше аймаққа бөлініп, онда тегін скейтодром,  воркаут және командалық ойындар алаң­дары бар спорт аумағы, балалардың жаңа қалашығы пайда болады. Жаңа әрі  зама­науи аттракциондар жасалады деп күті­луде.

Саябақ аймағында жақын күндері жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу жұмыстары басталады, жарық беру шамда­ры орнатылып, арықтар реттеледі, субұр­қақтар жаңарады. Заманауи талапқа сай келмейтін сауда нысандары алынып тасталады. Мемлекеттік – жеке серіктестік қағидасына сай сонау 90-жылдан бері істен шыққан «Велотрек» қайта жасалады.

Орталық сабаққа қарасты аумаққа қосымша ағаш отырғызылып, ондағы созылып кеткен көлік тұрағын жабу арқы­лы асфальтбетон төселген аумақ қысқа­рады. Бұл ретте құрылыс жұмыстары кезек бойынша жүргізілетіндіктен, демалушы­ларға қолайсыздық туғызбайды.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың жазында қала аумағында 150-ден астам көше жөнделеді, 30 шақырым жаяу жүргіншілер жолы жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жерасты  өтпелі жолдары күрделі жөндеуден өтіп, жаңа субұрқақтар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *