Орталық мәдениет және ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫ ЖАҢАРДЫ

Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Орталық мәдениет және демалыс саябағында болды. Мұнда жаз айларында күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізіліп, басқарушы компания жаңа субұрқақтар, балалар мен спорт алаңдарын салу үшін 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған еді.

Бүгінде Орталық саябақ аумағында жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып, жарық бағаналары, навигация орнатылып, жасыл желек отырғызылуда. Бұрын көлік тұрағы болған жерде спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол және футбол алаңдары, роллердром мен скейтодром пайда болған.

Жазғы сахнаның шығыс жағында түрлі-түсті алма бағы мен инсталляцияланған жаңа субұрқақ іске қосылды. Сонымен қатар, он жылға жуық бос тұрған ескі субұрқақ қайта жөндеуден өтті.

Мемлекеттік-жеке әріптестік принципі бойынша, сонау 90-жылдары істен шыққан «Велотрек» қайта жасалуда. Келер жылдан бастап саябақта балалардың жаңа қалашығын құру жоспарланған.

Медеу ауданы әкімдігі Орталық саябаққа апаратын Гоголь көшесінде абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу барысында жаяу жүргіншілер жолы жаңарып, көше жиһаздары қойылады. Бұрын қаланың тарихи орталығын қайта жөндеуден өткізу жұмыстары кезінде Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі Гоголь көшесінің бір бөлігі жаңарған болатын.

Биыл Алматыда 524 көше жөнделіп, 1400 ескі аула жаңарды. 300 шақырым арық қайта жөндеуден өтті. Бұдан өзге, 800 шақырым инженерлік желі тартылды. Шаһардағы барлық жерасты өтпелі жолдары жаңарды.

Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдармен ауыстырылады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *