Орта буын осал емес

Еліміздің өркендеуі, дамуы болашақ ұрпақ­тың еншісінде екендігі бәрімізге бесенеден белгілі, сондықтан да, жаңа ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу – ұстаздар қауымының міндеті болып табылады. Сол себепті орта буын өкілдеріне, яғни, 6-7- сынып оқушыларына көбірек тәжірибелер енгізіп, осы буын өкілдеріне қозғау салу қажеттілігі – қазіргі өмір талабы. Осыған орай,  Қ.Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназияда Әуезов ауданы мектептерінің 6-7-сынып оқушылары арасында математикалық «ЖасМат» атты турнир өткізілді. Математиканың негізгі ұғымдары 6-7-сынып бағдарламасында қаланатыны сөзсіз. Сондықтан да, біздер осы буынға қозғау салуды жөн санадық. Сәтін салып жатса, дәстүрге айналдырып, одан жоғары кеңейтуге деген жобаларымыз бар.

553Аудан мектептерінің белгілі ұстаздары арасынан әділқазылар алқасы сайланды. Қазылар алқасының төрайымы болып, Алматы облыстық Білім департаментінің аға әдіскері Жұмакүл Нұрсалимова сайланды.

Байқауды мектеп-гимназияның директоры Бағила Әшімбаева ашып, директордың орын­басары Райхан Шойбекова өткізілу тәртібімен таныстырды. Алдымен, сайыс 25 есеп-жаттығудан тұратын тест түрінде өткізілді. Қазылар алқасының ұпай санына ие болғандар келесі сынға өтіп, 5 есептен тұратын бақылау жұмысын жазды. Не керек, сонымен сайыс болған соң жеңімпаз да, жеңіліс табушылар да болатыны анық.

Жеңімпаз-жүлдегерлер толған оқушылар тізімі: Айша Досымбаева, Дәуіт Мұхамедұлы, Ильяс Кеңесхан, Ғалымжан Мұхамеджанов, Абай Әлімбетов, Шыңғыс Білялов, Тимур Чернов, Асмина Бархандинова, Раушан Әбдез, Алмас Туленов, Аргунов Илья, Абдурасулов Ерасыл, Смагулова Гульназ, Арман Камила, Сухраб Турдиев, Ильзат Әбдікәрімов, Аружан Тастемірова, Алина Ибрагимова, Азамат Асанқұлов, Полина Скрипник, Ақжан Көшімбай.

Жеңімпаз болғандар тиісті жүлделерін, мақтау қағаздарын алып, еңбектерінің жемісіне разы болды. Бұл турнирдің ерекшелігі, жүлделі болған оқушылардың пән мұғалімдері де құралақан қалмады. Ал жүлделі бола алмаған оқушылардың жүздерінен «Келесіде, қайтсем де жеңімпаз боламыз» деген ұмтылысты байқағандай болдық.

Ал енді мұндай іс-шараларға демеушілік жасалмаса, осындай марапаттаулар мен турнир өткі­зілмес еді. Осы турнирге демеушілік жаса­ған басшы азаматтарға алғысымыз шексіз. Олар – «Damu Logіstіcs» компаниясының пре­зиденті Сәкен Тойлыбаев, «Тұран» универ­ситетінің ректоры Рахман Алшанов, «Инвест Капитал Риэлти» фирмасының директоры Тимур Оспанов. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, біз өз тарапымыздан сүйікті басылымымыз арқылы алғысымызды білдіреміз.

Жоғарыда айтып өткендей, осындай тәжіри­белер барлық білім ордаларында әртүрлі пәндер бойынша жүргізілсе, орта буын өкілдері де көтерілер еді. Яғни, өскелең орта буынның пәнге деген қызығушылықтары, білімге деген құштарлығы арта беретін еді.

Мұратбек ШАДАЕВ,

Қ.Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close